Ауғаныстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 29 жыл » «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемес
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27) 715 8141
Есепші бөлімі:
+7(27) 715 8141
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
март
2018

Ауғаныстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 29 жыл

Ауғаныстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 29 жыл

Биылғы жылы Ауғаныстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 29 жыл толып отыр. Ауғаныстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырған. Ауған соғысының тарихы да табиғаты да өзгеше, ол уақытта 18 бен 20 жас аралығындағы өрімдей жастар, бас аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді.
«Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2018 жылдың 14 ақпан күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Г.Топетова, М.Каракулова және педагог- ұйымдастырушы А.Омармен ұйымдастырылған ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен “Ауғаныстан - жүрегімнің жарасы...» тақырыбында концерт өтті.
Кештің қонақтары болып ауған ардагерлері Жамшитов Қуанышбай Кемалдинович, Ергалиев Куралбай Туркпенбаевич, Пшембаев Сабит Кайроллаевич, Тлеубаев Мархабат Искакович және «Заман жаршысы» газетінің фототілшісі Ерлан Алиаскаров болды. Концерттың бағдарламасы бойынша Топетова Даяна «Верните память», Нұрлан Темірланның «Солдат боламын мен ертең», Абиев Ербол, Кунградбаев Жандос, Максетов Жанболаттын «Сарбаздар», Абиев Ерболдың «Мен қазақпын» әндерін орындап, бастауыштың сынып оқушылары Ауғаныстан соғысы тақырыбында өлеңдерін оқып, 10 сыныптың оқушылары «Ауған қасіреті» атты көріністі көрсетті. Ауған ардагерлері оқушыларға өз тілектерін айтып, батасын берді.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Топетова