1 - Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні » «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемес
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27) 715 8141
Есепші бөлімі:
+7(27) 715 8141
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
июль
2022

1 - Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні

1 - Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылдан бастап аталып келеді.
Мақсаты: Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру.
Мерекеге орай жоспар құрылып, жауапты мұғалімдер балаларды іс-шараға жұмылдырды. Шара барысында бастауыш мектеп оқушылары ән айтып, би биледі. Көрермендер спорттық сайыстарға, арт-терапия мен бормен сурет салу мен флэшмобқа жұмылдырылды. Іс-шара «Бала – біздің болашағымыз!» тақырыбында ұйымдастырылып, келесі жұмыстар атқарылды:
1) «Балғын балалар – біздің болашағымыз» тақырыбында 1-10 сынып оқушыларының арасында сынып сағаты өткізілді.Жауаптылар, сынып жетекшілер.
2) «Бақытты бала – бақытты ел» тақырыбында алфальтқа сурет салынды. Іс-шараны өнер бірлестігінің мұғалімдері А.Бектаева мен Қ.Ажимуратова өткізді.
3) «Мен бақытты баламын!» тақырыбында арт-терапия әдісін мектеп психологтары Л.Рахимова мен А.Сдыкова ұйымдастырды.
4) «Бақытты балалар – бейбіт елдің тірегі» тақырыбында метептің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Т.Тастекеева флэшмоб билетіп, биден сайыс жүргізді.
5) «Дені сау ұлан – ұлт болашағы» тақырыбында эстафеталық ойынын денешынықтыру пәнінің мұғалімдері Ж.Жолдасбаев, А.Ниетова, Х.Кенжебаев өткізді.
6) «Бар мейірім балаға» қайырымдылық акциясы өткізілді.Ұйымдастырушы мектептің әлеуметтік педагогі Ә.Омар.
Шараға қатысып жеңімпаз атанған және белсенділік танытқан оқушыларға тәттілер үйлестіріліп, сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, ерекші білімді қажет ететін үйде оқитын оқушыларда назардан тыс қалған жоқ. Үйде оқитын 6 оқушыға сыйлықтар беріліп, сыныптастары құттықтады. Олар: Серікбай Кәусар, Балтабаев Балғынбек,Ражапбаева Зарнигор, Қалпақ Бекарыс, Жалғас Айнұр, Жұмабеков Нұрлан.