Ауғаныстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 29 жыл » Страница 2 » «Almaty region білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемес
Almaty region білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(27) 715 8141
bookkeeping:
+7(27) 715 8141
Version for
visually impaired
01
March
2018

Ауғаныстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 29 жыл

Ауғаныстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 29 жыл

Биылғы жылы Ауғаныстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 29 жыл толып отыр. Ауғаныстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырған. Ауған соғысының тарихы да табиғаты да өзгеше, ол уақытта 18 бен 20 жас аралығындағы өрімдей жастар, бас аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді.
«Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» Education Department of Kerbulak district бойынша 2018 жылдың 14 ақпан күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Г.Топетова, М.Каракулова және педагог- ұйымдастырушы А.Омармен ұйымдастырылған ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен “Ауғаныстан - жүрегімнің жарасы...» тақырыбында концерт өтті.
Кештің қонақтары болып ауған ардагерлері Жамшитов Қуанышбай Кемалдинович, Ергалиев Куралбай Туркпенбаевич, Пшембаев Сабит Кайроллаевич, Тлеубаев Мархабат Искакович және «Заман жаршысы» газетінің фототілшісі Ерлан Алиаскаров болды. Концерттың бағдарламасы бойынша Топетова Даяна «Верните память», Нұрлан Темірланның «Солдат боламын мен ертең», Абиев Ербол, Кунградбаев Жандос, Максетов Жанболаттын «Сарбаздар», Абиев Ерболдың «Мен қазақпын» әндерін орындап, бастауыштың сынып оқушылары Ауғаныстан соғысы тақырыбында өлеңдерін оқып, 10 сыныптың оқушылары «Ауған қасіреті» атты көріністі көрсетті. Ауған ардагерлері оқушыларға өз тілектерін айтып, батасын берді.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Топетова
Назад 1 2 Вперед