Әдістемелік жұмыстың 2 тоқсандық есебі » «Almaty region білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемес
Almaty region білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(27) 715 8141
bookkeeping:
+7(27) 715 8141
Version for
visually impaired
08
January
2021

Әдістемелік жұмыстың 2 тоқсандық есебі

«ШАМАЛҒАН БЕКЕТІНДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» кмм

  1. ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК  ЖҰМЫС БОЙЫНША 

2-ТОҚСАН  ҚОРЫТЫНДЫСЫ


            

1.Педагог мамандардың білімін жетілдіру


2020-2021 оқу жылын-115 мұғаліммен бастасақ, бастауыш сынып мұғалімі Несипбаева Айдананың декреттік демалысқа шығуына байланысты 2-тоқсанды -114 мұғаліммен бастадық. 

Оның ішінде білімі бойынша:  жоғары білімді – 108, арнаулы орта – 6, аяқталмаған жоғарғы-2, магистр-2 мұғалім.

Біліктілік санат бойынша:   жоғары санат- 4, зерттеуші- 7, 

І санат- 10, сарапшы-29, 

ІІ санат- 20, модератор-16, 

 санатсыз- 26 мұғалім.

Педагогикалық өтілі бойынша: 

1-4 ж дейін- 20 мұғалім;

5-10 жыл-33 мұғалім;

11-20 жыл-35 мұғалім;

21-30 жыл-15 мұғалім;31 жылдан жоғары- 11 мұғалім бар. 

Біліктілік арттыру бойынша: 

Деңгейлік курсты меңгерген-11 мұғалім;

Жаңартылған білім беру бағдарламасын меңгерген- 92 мұғалім 

Қысқа мерзімді курсты меңгерген-57 мұғалім. 

Мектеп тренерлері-3 мұғалім

Мектеп үйлестірушілері-2

Мектепішілік іс – шаралар мен іс - әрекеттердің өзара байланысты жүйесі ретінде мектептің әдістемелік жұмысы білім беру үрдісінің сапасы мен әрбір мұғалімнің біліктілігін көтеруге бағытталған.

2- тоқсанда  педагогтар кестеге сәйкес онлайн режимде  оқыту винарларына,   білім жетілдіру курсына  тұрақты  қатысты. Қысқа мерзімді курсты меңгерген -16 мұғалім. 

2.Педагог мамандарды аттестаттау


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі  № 152   бұйрығымен  бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің  жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын   іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым  саласындағы   басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан  өткізу қағидалары мен шарттары» Ережесіне сәйкес және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2016ж 27 қаңтардағы  № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 152 бұйрығы, Қазақстан республикасы БжҒМ  2019ж 19 желтоқсандағы№ 539 бұйрығы, Қазақстан республикасы БжҒМ «Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау( қағидаларын бекіту туралы» 2020ж 11 мамырдағы   № 192 бұйрығының 49- тармағына сәйкес «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты рәсімінсіз  математика пәнінің мұғалімі Ержан Маржанға берілсе, кезекті аттесттау бойынша география пәнінің мұғалімі Бейсенбекова Насипгуль Каировнаға «педагог-зерттеуші» санаты берілсе, 15 әріптеске «педагог-сарапшы» санаты, 5 әріптеске «педагог-модератор» біліктілік санатына сәйкес деп табылды. 

ІІ тоқсанды біліктілік санат бойынша- 90педагогпен -78,9 % аяқтадық.  Оның ішінде:  

-жоғары санат-4 -4,3%

- педагог-зерттеуші-9-7,8%

-бірінші санат-10-8,7%

-педагог-сарапшы-29-25,4%

-екінші санат-22-19,2%

-педагог-модератор-16-14%

-санатсыз-25-21,9%


3. Педагогтардың кәсіби байқаулары

  1. КИО Аудандық кезеңі бойынша ІІ орын, облыстық деңгей бойынша ІІІ орын –Амирбаев А;
  2. КИО аудандық кезеңі бойынша, облыстық кезең бойынша І орын- Амирсеитова Нургуль; 
  3. КИО аудандық кезеңі бойынша  ІІІ орын Жулпанова Эльмира және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Педстарт»  республикалық қашықтық  олимпиадасының ІІІ дәрежелі жеңімпазы. 
  4. «Білікті педагог» олимпиадасының І дәрежелі дипломы – А.Каракулова, С.Есбергенова; ІІ орын-Бектаева Ботагоз, Н.Амирсеитова, Г.Қани, ІІІ орын П.Маханова,
  5. Республикалық «Дара жұлдыз» өнер байқауы Сертификат
  6. Республикалық «Өрлеу» ұлттық порталының «Құрмет грамотасы» Раймбек Елшат

4.Озық тәжірибе тарату

1. «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ ұйымдастыруымен серіктес мектептер арасында сабақты зерттеу үдерісі бойынша тәжірибе алмасу мақсатында « Мектептерде зерттеу: тәжірибені жетілдірудің тиімді жолы» тақырыбында семинар-конференциясы 2020 жылдың 25 желтоқсанында өткен  семинарға «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» КММ 1-деңгейлі  орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі  А.А.Иманалиева қатысып «Қашықтықтан оқутуда оқушылардың қызығушылығымен белсенділігін арттыру» тақырыбындағы 2020-2021 оқу жылының 1-жартыжылдығында өткізілген зерттеу жұмысының нәтижесі туралы  тәжірибесін таныстырды.

2. Облыстық «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының  директор   орынбасары  Ләззат  Жекеновнаның басшылығымен «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСТЕРІН  ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР  АЯСЫНДА ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ   НЕГІЗІ»   ҒЫЛЫМИ-ЭКСПЕРИМЕНТ жоспары бойынша    оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілген «Зерттеу» тақырыбындағы облыстық ғылыми жобалар байқауына белсенді  қатысып, зерттеу тақырыбын жоғары деңгейде қорғағаны үшін ҚҰРМЕТ ГРАМОТАЛАРМЕН  Асылбек Кадирбаевич, Пердегуль Айтмахановна, Гульназия Шахмаранқызы марапатталды. 

3. Облыстық семинарларда   озық тәжірибе таратып, облыстық жинаққа құнды материалдар жариялаған А.Амирбаев, П.Хожаметова, М.Даршеева, Ж.Сейдалиева, Г.Қани сертификаттар мен облыстық жинаққа иеленді.

5.Жас мамандармен жұмыс

Бүгінгі жас маман келер ұрпақтың болашағын нығайтатын өскелең ұрпақ.Келешектің көшін бастаушы. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып,оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту. Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген.

Жас маманмен жұмыс – жас маманның кәсіби және тұлғалық дамуының қайнар көзі болғандықтан, білім беру үдерісіндегі маңызды жұмыстардың бірі. Білім беруде нәтижеге жету оңай жұмыс емес. Білім беру міндеті білім сапасын көтеруді мақсат етіп қояды. Педагог алға қойған мақсатқа жету үшін үнемі шығармашылықпен жұмыс жасап, педагогикалық құзыреттілігін дамытып отыруы қажет.

  Жас мамандар мектепте тәлімгерлердің көмегімен бейімделу уақытынан өткеннен кейін кезең-кезеңімен әдістемелік дайындық жұмыстарын бастады. Тәлімгерлері жас мамандардың сабағына, жас мамандар тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысып отырады. Сабаққа қатысуды талдау әдістеме отырысында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жас мамандар «Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе» күніне толық қатысуы қамтамасыз етіледі.

        Тәлімгер мұғалімдердің жас маманмен жүргізілген жұмыстар бойынша есебіне жүгінсек, мектепке келген жас мамандар мектеп қабырғасына жаңадан келгендіктеріне қарамастан, мектептің сабақ, сыныптан тыс іс-шараларына өз үлестерін қосып жатыр.

Жас мамандармен толық жұмыс барысын қамтитын жұмыс жоспары құрастырылды. Мұғалім – мұғалім сабақтастығы барысында жас мамандардың тұлғалық ерекшелік қасиеттерімен бірге ұстаз ретіндегі педагогикалық ұстанымдары мен біліктілік, білімділік, шығармашылық шеберліктерінің артуы мен жан – жақты дамуына көмек қолдарын созуымен қатар, дамуына да көмек үлестерін тигізіп келеді. Олардың ұстаз тұлғасы ретінде қалыптасуы және бар тәжірибесінің іс жүзінде іске асырылуы үшін жан – жақты жағдай қарастырылған. Мұндай педагогикалық өсу үшін тәжірибелі ұстаздар тарапынан әдістемелік көмек қажет. Ұстаз – жас маман арасындағы қарым – қатынас әріптестік бағытта қарастырылған. Әр жас маман үшін тәжірибелі ұстаз бекітілген . Әдістеме бірлестік жетекшілері жас мамандар және жұмысқа жаңа орналасқан мұғалімдермен жұмыс жасаудың жоспарын жасайды. Жас мамандармен ұлағатты ұстаз арасындағы сабақтастық мектебіміздің жыл бойына қаланып келе жатқан дәстүрін жалғастыру мақсатында көп көмек беріп келе жатыр. Біршама педагогтардың жоғары сапалы сабақтары, білім сапасының жоғарылауы, пәнге деген, мектепке деген қызығушылықтың артуы жұмыстың жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанын байқатады.
           Педагогтарды жұмысқа алғаннан кейін бұйрық шығарылып, пәндік бағытта білікті ұстаз бағыт бағдар беру мақсатында тағайындалды. Әдістемелік бағыт бойынша теориялық материалдың практика жүзінде іске асуы қадағаланып, нәтижесін байқап, саралау мақсатында жас мамандардың сабақтарын қарап, бағыт бағдар беру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

2020-2021 оқу жылындағы   жас мамандардың

өз білімін көтеру курстарына қатысуы


Аты-жөні, тегі (толық)

курс мазмұны, сағат саны

өткен жері

мерзімі 

сертификат номері

1

Ерденова Жансая Ерғалиқызы

«ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрлық сауаттылық курсы.  

Онлайн 




24.11.2020




2

Акниязов Еламан




«ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрлық сауаттылық курсы.  


Онлайн 





24.11.2020





№ 08051




3

Акниязов Еламан

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Дүниежүзі тарихы және Құқық негіздері» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялықы сағат көлемінде оқу курсы.

Онлайн

26.10-06.11.2020

№007707

4

Ихласова Бериккул Галымдоллаевна

«Цифрлық Қазақстан»  мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрлық сауаттылық курсы

Қашықтықтан, Онлайн форматта

24.11.2020ж

№08047

5

Амирсеитова Н.К.



Сертификат о прохождений обучения "ONLAINMEKTEP"


Сертификат о прохождений обучения "Современные коммун.технологии и инструменты в организации цифрового и дистанционного обучения "


Сертификат "Цифровой Казахстан"курс цифровой грамотности.

ОНЛАЙН



ОНЛАЙН







ОНЛАЙН


2020ж



11.2020






11.2020ж



47748262



1052






б/н



6

Мусаева Жанар Молдабаевна






C1 Advanced  тілдік курс 


«Жаңартылған білім беру аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің тілдік құзіреттіліктерін дамыту»

Каскелен қаласы мәдениет үйінде


«Өрлеу біліктілікті арттыру орталығы»

14.08. 

22.12.2020ж



06.11-20.11.2020ж


                                                                                              


Жас мамандардың 2020-2021 оқу жылындағы білім сапа  көрсеткіштері


р/с

Мұғалімнің аты- жөні

Пәні 

Сапа




І  


ІІ  


ІІІ

ІҮ 

Жылдық

1

Мырзакулов А

Физика

58

60




2

Мусаева Ж

Ағылшын тілі

63

62




3

Қратқожаққызы И

Тарих

56

57




4

Ақниязов Е

Тарих

61

64




5

Абенова Г

МАД

-

-




6

Ережепова Г

МАД

-

-




7

Жалғасова Қ

Бастауыш 

-

-




8

Мыңжасарова Ж

Бастауыш

-

-




9

Ихласова Б

Қазақ тілі мен әдебиет

46

46




10

Ерденова Ж

Биология 

54

57




11

Амирсеитова Н.К.

Орыс тілі

60

60




12

Байгуатова Шынар

Бастауыш

54

54




13

Сальменов С

Дене шынықтыру

100

100





2020-2021 оқу жылындағы жас маман шәкірттерінің жетістігі


Атауы 

жылы

Аты-жөні

нәтижесі

жетекшісі

1

« Kemel Academy» онлайн -мектебі ұйымдастырған « Қызықты математика және логика» атты Республикалық онлайн олимпиада

2020 ж

Ермекқызы Көркем


Диплом 1 дәрежелі

№100366

Жалгасова К

2

Жаратылыстану пәні бойынша 9-10 сыныптар олимпиадасының мектепшілік кезеңі

2020

Бахтиер Әйгерім

орын

Ерденова Ж


3

«АҚ БОТА» интеллектуалдық марафоны

2020

Салимов Болыс

орын

АКВ-2020-D084664

4

SanaEducation Интелектуалды білім порталы

2020

Әбдималик Әлиза 

Диплом 

Ихласова Б

5

SanaEducation Интелектуалды білім порталы

2020

Идирисова Аружан

Диплом

6

Казахстанско-Российский дистанционный конкурс чтецов.

2020

Тажибаева Дильнура

Диплом І степени

Амирсеитова Н.К.


7

Казахстанско-Российский дистанционный конкурс чтецов.

2020

Каримбай Аяна

Диплом І степени

8

ТИО.кз Республиканская интернет Олимпиада.

2020

Каримбай Аяна

Диплом І степени

9

Казахстанско-Российский дистанционный конкурс чтецов.

2020

Оракбай Карасай

Диплом І степени

10

Казахстанско-Российский дистанционный конкурс чтецов.

2020

Марат Молдир

Диплом 2 степени

11

Казахстанско-Российский дистанционный конкурс чтецов

2020

Абитжан Адема

Диплом І степени


2020-2021 оқу жылындағы жас мамандардың I тоқсанда жеткен жетістіктері

Атауы 

Нәтижесі 

Аты-жөні 

1

«USTАZ.TILEGI»Республикалық Ғылыми-Әдістемелік Орталығы «Желтоқсан айында өткізілген Республикалық «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту» Блиц-турнирі

Диплом 2- Дәрежелі

№Т-0273538

Абенова Г

2

Республикалық www.sabaq.kz әдістемелік –танымдық сайты өткізген « Оқыту әдістемесі мен педагогика» қашықтық олимпиада

Диплом 1- Дәрежелі

№00124119

Жалгасова К

3

Халықаралық Бастауыш сынып ұстаздары арасында өткізілген олимпиада жеңімпазы


III-дәрежелі диплом

№ Х-0085913

Мыңжасарова Ж

4

Казахстанский интернет олимпиада "КИО"

Диплом 1степени

886727-4784


Амирсеитова Н.К.


5

Казахстанский интернет олимпиада "КИО"

Диплом 1степени

886727-5149

6

Казахстанский интернет олимпиада "КИО"

Диплом 1степени в области 886727-АВ7А


7

Казахстанский интернет олимпиада "ТИО"

Диплом 1степени в области D-88337449


8

Республиканская олимпиада "Білікті педагог"Bilge

Диплом 2степени


Казахстанско-Российский дистанционный конкурс чтецов. За подготовку побидителей

Диплом 1степени

3998

Жас мамандардың онлайн іс-шараларға қатысуы

Тәлім алушыға әдістемелік көмек көрсетудің шараларын,әдіс-тәсілдерін анықтаумақсатында жоспарға сай өткізілген «Менің кәсіби өсуімдегі тәлімгер көмегі» жас мұғалімдер мен тәлімгерлер бірігіп онлайн сабақ берді. Заманауи сабаққа қойылатын әдістемелік талаптармен тәжірибе алмасу мақсатында информатика пәнінің мұғалімі Канназарова Фариданың ұйымдастыруымен «Informationтық-коммуникативтік технологияларды қолдану» онлайн сабағы өткізілді. Жас мамандар белсенділік танытып, қосымша мектепішілік іс-шараларға қатысып отырды.


2020-2021 оқу жылындағы жас мамандармен тәлімгерлердің жұмысы

Тәлімгер – сабақ беру мен тәрбие саласына қатысты әдістемелерді игерген, білімді, кәсіби және адамгершілік қасиеттері жоғары тәжірибелі мұғалім.

Тәлімгерліктің мақсаты мен міндеттері. Білім беру мекемелеріндегі мектеп тәлімгерлігінің мақсаты жас мұғалімдерге кәсіби тұрғыдан тәжірибе жинақтауға көмектесу болып табылады.

Мектеп тәлімгерлігінің негізгі міндеттері мыналар:

- Жас мамандардың педагогикалық қызметке ынта ықыласын ояту, оларды білім беру мекемелеріне тұрақтату;

- Мұғалімнің кәсіби тұрғыдан қалыптастыру процесін жеделдету және атқаратын қызметіне байланысты жүктелген міндеттерді өздігінен әрі сапалы етіп орындай білу қабілетін дамыту;

- Корпоративтік мәдениетке бейімдеу; мектеп ұжымының үздік дәстүрлерін, тәртіп ережелерін сақтауға, ұстаздық міндетті саналы түрде және творчестволықпен орындауға баулу.

Тәлімгерлік. Тәлімгер тәрбие жұмыстарына қабілетті болуы тиіс. Әдетте, тәлімгер жас маманға бір жылға жетпейтін уақытқа бекітіледі. Тәлімгер жұмысының тиімділігі, баға көрсеткіштері жас мұғалімнің сол кезеңдегі өз міндеттерін орындау деңгейінен көрінеді.


2020-2021 оқу жылындағы  тәлімгерлердің өз білімін көтеру курстарына қатысуы


Аты-жөні, тегі (толық)

курс мазмұны, сағат саны

өткен жері

мерзімі 

сертификат номері

1

Байбабаева Г

2 Daryn.Online плптформасында «Онлайн педагог» курсынан өтіп , цифрлық сауаттылық, интернет ресурстардың  түрлерін қолдану және педагогикалық қызмет көрсету біліктіліктерін меңгерді

онлайн

2020 ж

20-115913

2

Токаева Асел Сарсенгаливна

Қашықтықтан оқыту сабақты әзірлеуден бастап білім беру процесін ұйымдастыруға дейін  40 сағат

Интернет желісінде

05.11.2020

6454140








2020-2021 оқу жылындағы тәлімгердің шәкірттерінің жетістігі

Атауы 

жылы

Аты-жөні

нәтижесі

жетекшісі

1

ADEBI.KZ электронды ақпарат, білім сайты «Тәуелсіздік күні» мерейтойына орай ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауға қатысып, «Сөз-мерген» номинациясы бойынша

Желтоқсан, 2020 жыл


Ержан Айдана

ІІ дәрежелі диплом №SY565

Қани Г.Ш


2

ADEBI.KZ электронды ақпарат, білім сайты «Тәуелсіздік күні» мерейтойына орай ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауға қатысып, «Сөз-мерген» номинациясы бойынша

Желтоқсан, 2020 жыл


Орынбаева Адем-ай

І дәрежелі диплом №SY564

3

ADEBI.KZ электронды ақпарат, білім сайты «Тәуелсіздік күні» мерейтойына орай ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауға қатысып, «Сөз-мерген» номинациясы бойынша

Желтоқсан, 2020 жыл


Бекимбетов Нұржан

ІІІ дәрежелі диплом №SY563

4

ADEBI.KZ электронды ақпарат, білім сайты «Тәуелсіздік күні» мерейтойына орай ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауға қатысып, «Сөз-мерген» номинациясы бойынша

Желтоқсан, 2020 жыл


Садық     Қарақат

І дәрежелі диплом №SY562

Қани Г.Ш


5

ADEBI.KZ электронды ақпарат, білім сайты «Тәуелсіздік күні» мерейтойына орай ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауға қатысып, «Сөз-мерген» номинациясы бойынша

Желтоқсан, 2020 жыл


Баянбай Азиза

І дәрежелі диплом №SY5198

6

ADEBI.KZ электронды ақпарат, білім сайты «Тәуелсіздік күні» мерейтойына орай ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауға қатысып, «Сөз-мерген» номинациясы бойынша


Желтоқсан, 2020 жыл


Умаров Өмірбек

І дәрежелі диплом №SY5197

7

«Абай оқулары»

2020 ж

Ниетбай Сымбат

І орын Диплом

№ А-0002322

Амирбаев А

8

«Абай оқулары»

2020 ж

Ниетбай Меруерт

Диплом

9

«Жарық жұлдыз»

2020 ж

Ниетбай Сымбат

І орын Диплом

№0001087

10

SABAQ.KZ

2020ж

Абдилмажит А

I дәрежелі Диплом №001298

Есбергенова С

11

«Ақбота» 

2020

Абдилмажит А

ІІІ  дәрежелі Диплом DO34202

12

Республикалық  Ақбота интелектуалдық марафоны

2020 ж

Бекмурза Фатима

3 орын

Токаева А

13

Республикалық  Ақбота интелектуалдық марафоны

2020 ж

Қартжан Нұржаннат

3 орын


14

Республикалық  Ақбота интелектуалдық марафоны

2020 ж

Бақыт Алуа

3 орын


15

«Ақ бота»

2020

Омиркулов Нурислам

3 орын

Иманалиева А.А.

16

«Зерде»

2020

Орынбек Қайсар

3 орын



2020-2021 оқу жылындағы тәлімгердің  IІ тоқсанда жеткен жетістіктері

Атауы 

Нәтижесі 

Аты-жөні 

1

ADEBI.KZ электронды ақпарат, білім сайты «Тәуелсіздік күні» мерейтойына орай ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауға шәкірттер дайындағаны үшін 

Алғыс хат

№-MA523

Қани Г.Ш

2

«USTAZ TILEGI» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ –ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ ұйымдастырған желтоқсан айында өткізілген  Республикалық «Қазақ тілі» Блиц-турнирі

І Дәрежелі диплом

№ Т-0286428 

3

«BILGEN» ұлттық авторлық  методика және бағалау орталығы ұйымдастырған  Республикалық «Білікті педагог» олимпиадасы

ІІ Дәрежелі диплом

gWuJmClB5y


4

КИО

Мадақтама Ауданда ІІІ орын

№01882627-Д17Д

Амирбаев Асылбек

5

КИО

Мадақтама Облыста ІІ орын

№01882627-70ВЕ


6

КИО

Республикалық сертификат

№1882627


7

«Абай оқулары» порталы

«Алғыс хат» № А-0002322


8

«Жарық жұлдыз»

Диплом №000179


9

Педстарт 

3 орын

Иманалиева А.А.



Тәлімгерлердің онлайн іс-шараларға қатысуы


Тәлімгерлік бойынша жұмыс бағытын жетілдіру мақсатында 2020-2021 оқу жылының жылдық оқу-тәрбие жоспарын іске асыру барысында 23.11.20- 28.11.20 қараша   күндері аралығында «Тәлімгер-тәрбиенің шамшырағы» атты  онлайн тәлімгерлер апталығы өтті. Тәлімгерлер апталығының  мақсаты тәлімгерлік бойынша жұмыс бағытын жетілдіру және жас мұғалімдерге кәсіби тұрғыдан тәжірибе жинақтауға көмектесу , жас мамандар мен тәлімгерлер арасындағы байланысты нығайту, тәжірибе алмасу, бөлісу, тәлімгер ұстаздардың тәжірибесін насихаттау, тарату, нәтижеге бағытталған сабақ барысында ұстаздардың, жас мамандардың шығармашылық деңгейін анықтау болды. Оқу жылының басында әр жас маманға көмек көрсету, жол көрсету мақсатында бекітілген тәлімгерлер апталық барысында жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетті. Апталықтың алғашқы күні «Тәлімгер-тәрбиенің шамшырағы »  тәлімгерлер апталығының ашылу салтанаты онлайн түрде Амирханова Г,Жангаскина А,Байгуатова Жанарлардың ұйымдастырылуымен өткізілді. 24.11.20 ж «XXI ғасырдың жас математигі» Интелектуалдық ойын 7 «Б» Нурмуханова Г, « Ққ дыбысы мен әрпі»1 «Г» Жамбулова Ұ,   6 «А» сыныбында 24.11.20 ж күні Қани Г «Абай және оның шәкірттері. Абай шығармаларының зерттелуі» тақырыбында онлайн түрде 6.2.1.1 шығарма композициясындағы   белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау; 6.2.2.1 эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау оқу мақсаттарына негізделген «ZOOM» бағдарламасы арқылы ашық сабағы болып өтті. Ашық сабақта пән мұғалімі Қани Г.Ш оқушыларға ой шақыру үшін  Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар қойылды. Сұрақ қоя отырып сабақтың тақырыбын ашып алды. Schoolchildren Абайдың қандай ақын шәкірттері бар? деген сауал жолдай отырып, сабақтың тақырыбын слайд арқылы түсіндірді. Сабақты түсінгендерін анықтау үшін оқулықтарынан 5-тапсырма. Абай  туралы   белгілі  ғалымдардың  ойларын   дәптерге жазып, түсінгендеріңді талдап, айтып беріңдер деген тапсырманы орындатты. Оқушылар телефондары арқылы ғаламтор желісіне кіре отырып, қосымша ақпараттар іздене тапсырманы орындады. Сонымен қатар пән мұғалімі тапсырма бойынша өз visually impairedн да ұсынды. Және оқу мақсатына жету үшін оқушыларға оқулықтан 6-тапсырма. Бала  Абайға,   ақын  Абайға,  ел  билеуші  Абайға, дана Абайға мінездеме беріңдер деген тапсырмасын ұсынды. Оқушылар тапсырманы орындауда белсенділік танытты. Сонымен бірге оқушылардың тақырып аясын толық түсінгендерін білу үшін 7-тапсырма. Абай  өмірбаянын,  шығармашылығын  кімдер   зерттеді? Зерттеушілер   туралы  ғылыми  дереккөздерге   сүйеніп,  білгендеріңді кестеге сызып, баяндаңдар деген тапсырманы ұсынған болатын. Оқушылар  берілген тапсырманы жылдам әрі тиянақты орындай алды. Оқу тапсырмасы ретінде 8-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріп, тапсырманы орындаңдар.1. Мұхтар Әуезов Абай туралы қандай еңбек жазды?2.  Қайым  Мұхамедханов   кім?  Оның  абайтануға   қосқан  үлесі  туралы дәптерге жазыңдар деген тапсырманы ұсынды. Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс ретінде бүгінгі сабақ туралы пікірлерін сұрады. Сабақ барысында оқушылармен пән мұғалімі кері байланысты үнемі орнатып отырды. Қалыптастырушы бағалау сабақтың өн бойында жүргізілді.

 «Жеңіл атлетика Қыска қашықтыққа жүгіру» 7 «Ә» Хайырбаев С, 25.11.20 ж «Хабарлы сөйлем» 2 «Ж» Байгуатова Ж,  26.11.20 ж   «Түбір мен қосымша»  3 «Г» Байбабаева Г Түбір мен қосыша туралы  алған теориялық білімдерін практикада қолдану, ауызша, жазбаша жұмыстарын жүргізе отырып білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, ой қорытып, нақты шешім жасауға үйрету,  бірін – бірі тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында сабағын өткізді.Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді.Сұрақ  ілмек әдісі мен белсенділіктерін арттыру  үшін пайдаланылды. Бұл сабақ - өткен сабақты бекіту сабағы болды.“Еркін әңгіме ”, “Дамыта оқыту”, “Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін ізгілендіру педагогикасымен ұштастыра өткізіп, есімдіктен өткенді қайталауда оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру қарастырылды.Оқушымен жеке жұмыс болды  Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтіннің түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтай алады.Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтап айтып берді Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алды.

4 «Д» сыныбына Токаева А 26 қараша күні қазақ тіл пәнінен " Тұрақты сөз тіркестері" атты ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты:   Тұрақты тіркестер тақырыбынан алған білімдерін түрлі шығармашылық жұмыстар арқылы пысықтау, жинақтау сөз   мағынасын түсініп, оқушыларды белсенді жұмыс жасауға жұмылдыру.Сабақты вацап платформасы арқылы өткізді. Сабаққа түгел 25 оқушы қатысты. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп отырды. Feedback орнатты. Сабағына директордың оқу ісінің меңгерушісі Кыдыралиева Маржанай Калшериповна және жас маман Жалғасова Қарлығаш Эсенқызы қатысты.

 Есбергенова С қараша айының 26 күні қашықтықтан оқыту барысында  3 «Д» сыныбында  математика сабағы бойынша ватсап желісі арқылы «Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың жоспары №130 бұйрықпен қашықтықтан оқыту бойынша құрылды.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:3.3.1.3 тікбұрышты үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш ауданы формуласын: S= (a.b):2, S=a2, S=a.b шығарып алу және қолдану

3.1.3.1 ауданы болатын нысандарды атау және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алу, палеткамен өлшеу 

            Сабақтың кезеңдері бойынша ұйымдастыруда ватсап желісі арқылы ынтымақтастық ахуал туғызды. Мұнда оқушылар бір-біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілей отырып, ыстық -лебіздерін білдіреді. Сонымен қатар, оқушылар қашықтан оқыту ережелерін еске түсірді.

            Сабақтың басы, алдыңғы сабақты еске түсірумен басталды. Яғни, тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу. Мұнда оқушылар өздерінің өткен сабақта алған білімдерін ортаға салды. «Шаршы мен тіктөртбұрыштың ауданын табу формуласы қандай?»  деген сұраққа жауап алды. Оқушылар ойлану арқылы, танымдық процесін   дамытады. Сұрақ қою арқылы жаңа тақырып және оның мақсатын ашты. 

            Сабақ барысында оқушылардың белсенділігін арттыру үшін қалыптастырушы бағалауға 1-10 баллдық жүйесінде бағалап отырды.

    Сабақтың ортасында жаңа тақырып, тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табуды видеобейне арқылы түсіндірді. Schoolchildren сұрақтар қойып, оқулықта берілген тапсырмалардың кейбірін ауызша орындап, талдады. Сабақты қорытындылай келе,  соңынды оқушылардың жаңа сабақ бойынша түсінігін бақылау үшін, «Неге?» «Ата» «Түсіндір» сөздерін қатыстырып,   сұрақтар қойылды. Оқу тапсырмасына 2 тапсырма берілді. Сабақтың соңында оқушылар сабаққа кері байланыс жасады.

Сабақта слайдтарды қолданды мақсатына жетті. Сабаққа жас маман Мыңжасарова Жания қатысты. Ол өзіне тәжірибе жинақтай отырып, көптеген ойға түйерлік мәселелермен танысқанын бейнебаян арқылы жеткізді.

Амирбаев А 26 қараша күні   10 «Б» сыныпта «Көшпенділер мәдениеті» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: 10.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау. Сабақтың жалпы мақсаты: көтерілген мәселені талдайды; автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастырады және бағалайды.

    Сабақ қашықтан,ЗУММ платформасында ұйымдастырылды. Интернет желісінің нашарлығына байланысты оқушылар сабаққа толық қатыса алмады. Ұйымдастыру кезеңінен соң «Ой шақыру» стратегиясы қолданылды. Оқушылар Құрманғазының «Балбырауын» күйін тыңдап,оны дұрыс тауып,өз ойларын айтты. Сабақтың негізгі бөлімінде оқулықпен жұмыстар жүргізілді. 1-тапсырма «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы берілген суреттер арқылы ақпарат беріңдер. Оқушылар өз ойларымен бөлісті. 2-  тапсырма. Мәтінді оқып,оның стилі мен жанрын анықтаңыздар. Мәтін оқылып,стилі мен жанры анықталды. 3-тапсырма. «5-5-1» әдісімен мәтінде көтерілген ақпараттарды түйіндеңдер. Оқушылар жазба жұмысын орындады. «Сәлем – сөздің анасы». Интернеттен «Сәлемдесу әдебі» тақырыбыда видеоролик көрсетілді. 4- тапсырма Видеоролик бойынша «Қонақ келгенде» тақырыбында диалог құрастыру. Оқушылар жазба түрде орындап,жазғандарын оқыды.

   Қорытынды бөлімде үйде орындау үшін оқу тапсырмасы берілді. 6-тапсырма . Түрлі халықтардың сәлемдесу әдебін салыстырып, салыстырмалы эссе жазу.        Рефлексияда «Ашық микрофон» әдісі қолданылды. Оқушылар сабақтан алған әсерлері туралы айтты. Сабаққа тәлім алушым Акниязов Еламан қатысты.

  «Қазақстандағы ұлттық автономиялар» 8 «Ә» Амирханова Г, Жангаскина Айгулдің   27.11.2020 жылы 5 «Ә» сыныбында WhatsApp желісі арқылы «Jobs» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Үй тапсырмасын текесеруде «Өрмекші» әдісін пайдаланды. Тыңдау дағдыларын дамытуда жаңа сөздерді, тақырыптық видеоларды көріп, тыңдады. Жаңа сөздерді сөздік даптерлеріне жазу арқылы есте сақтау, жазу  дағдылары дамытылды. Оқушылар дыбыстық хабарлама, видеоға түсу арқылы сөздерді жаттап айтты. «Сәйкестендірв» әдісінде жаңа сөздерді суреттермен сәйкестендірді. «Миға щабуыл»  әдістемесі арқылы «Жұмыстың атауын тап» деген ойында ойлану, еске түсіру арқылы атауларын тауып үйренді. Оқушылардың жұмыс тақырыбын меңгеру білімін анықтау мақсатында «Болашақта қандай жұмыс жасағын келеді?» деген сұраққа бүгінгі өтілген жаңа сөздерді қолданып жауап берді. Сабақ соңында рефлексия жасалды. Барлық оқушылар белсенді қатысты. Оқушы қызметінің ұйымдастырылуы,сабақтың тартымдылығы,оқушылардың сабаққа ынтасы, белсенділігі, білімі, деңгейі анықталды. Иманалиева А 27.11.2020 жылы 6 «В» сыныбында ZOOM  платформасы  арқылы «Солнцестояние и равноденствие. Местоимение.» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын  білім алушылар өз бетімен  жаттығуды орындап  «Трехчастный дневник» толтырып жаңа сабақтың тақырыбын анықтады. Жаңа грамматикалық тақырыпқа байланысты алдын – ала «төңкерілген сынып» әдңсң бойынша танысқан мәліметтерін  кластер сұрақтарына жауап бере отырып Jambord тақтасында стикерлерді толтырып   кластерді  құрды. 

      Лексикалық  тақырыпқа байланысты қысқаметражды видеоролик «Солцестояние и равноденствие»көріп  9 жаттығумен салыстырып , мәтіннен сілтеу есімдіктерін тапты.

 Сабақты бекіту кезеңінде GOOGLE  мүмкіндіктерін пайдаланып  жаттығуларды ауызша және жазбаша орындап шықты. 

Оқушылардың жұмыс тақырыбын меңгеру білімін анықтау мақсатында «Телеграмма» әдісімен бір – біріне сілтеу есімдіктерін пайдалана отырып жеделхат жолдады. 

Сабақ соңында рефлексия жасалды. Оқушылар белсенді қатысты. Оқушы қызметінің ұйымдастырылуы,сабақтың тартымдылығы,оқушылардың сабаққа ынтасы, белсенділігі, білімі, деңгейі анықталды.

Маденбаева К   27.11.2020 жылы 7 «А» сыныбында WhatsApp желісі арқылы     « Тартылыс құбылысы  және ауырлық күші» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Физика сабағын   7  сыныпта бастап жатқан соң  оқушылар   формулалар жазылуы, өлшем бірліктердің жазылуын, даптерлеріне  жазу арқылы есте сақтау, жазу  дағдылары дамытылды. Оқушылар  формуларды дыбыстық хабарлама мен және суреттер жіберді . Оқушылардың жұмыс тақырыбын меңгеру білімін анықтау мақсатында«INSERT» әдісі қолданылды. Мақсаты оқылған мәліметті түртіп алу жүйесі бойынша таным түсінігін қалыптастыру. Тиімділігі жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды. 

Дененің лақтырғанда Жерге түсетінін  біледі.   Денелердің бірін - бірі тартатынын түсінеді. Ауырлық күшінің вертикаль бағытталатынын біледі.

  Сабақ соңында рефлексия жасалды. Тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады:W- білемін; + жаңалық; - білмеймін; ?- білгім келеді; кесте жүйесі бойынша жұмыс жасалды. Барлық оқушылар белсенді қатысты. Оқушы қызметінің ұйымдастырылуы,сабақтың тартымдылығы, оқушылардың сабаққа ынтасы, белсенділігі, білімі, деңгейі анықталды.

Тәлімгерлер интернет желісінің нашарлығына қарамастан ашық сабақтарын онлайн  «WhatsApp» және «ZOOM» бағдарламалары арқылы өткізді.Ашық сабақтарға жас мамандар қатысып, тәжірибе жинақтады.                                                                                                    

Жалпы қорытынды: 

Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. 



6.Дарынды  балалармен жұмыс


ҒҚ жылдық жоспарына сәйкес ғылыми жетекшілер дарынды оқушыларды түрлі   байқауларға қатыстыруда. 

Аудандық «Дарын» ғылыми зерттеу жұмысына -6 оқушы тіркеліп, 1-оқушымыз облыстық кезеңге жолдама алды.

Аты-жөні

Жоба тақырыбы

пәні

сыныбы

Оқу тілі

Ғылыми жетекшісі

Ниетбаева Балауса

"Біздің айналамыздағы диффузия"

физика

казахский

Сагиндикова Айнұр Бекполатовна


Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай 2020ж 23.11-27.11 аралығында 8-11 сынып оқушылары арасында әл-Фараби атындағы Республикалық ғылыми байқауына А.Сагиндикованың 9 «А» сынып оқушылысы Ниетбаева Балаусаның «Біздің айналамыздағы диффузия»  тақырыбындағы жұмысына өтінім жіберілді. 

1-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсына мектеп бойынша -23 оқушы тіркеліп, 2-оқушымыз жүлделі орындардың иегерлері атанды. 

Оқушының           аты-жөні

Жоба тақырыбы

Секция

Мектеп

Сы-нып 

Оқыту тілі

Жетекшінің       аты-жөні

1

Орынбек Кайсар

Имена прилагательные в названиях растений Карасайского района

руский язык

Шамалған бекетіндегі ЖҚОМ

4 Е

қазақша

Иманалиева Альфия Алтаевна

2

Изатуллаева Нурай

Творчество казахских писателей на русском языке 

орыс тілі

Шамалған бекетіндегі ЖҚОМ

6 Ә

қазақша

Хожаметова Пердегуль Айитмахановна



Пән олимпиадалары

Қашықтықтан ұйымдастырылған республикалық олимпиаданың 5 - 6 сынып оқушыларына арналған аудандық кезеңіне 12 оқушы қатысып, облыстық кезеңге 3 оқушы жолдама алды 


Қатысушы оқушының аты-жөні

Сыны-бы

Пәні

Мұғалімі

1.

Есболқызы Аружан

5 «Б»

жаратылыстану

Қарымсақова Г

2. 

Оміркулов Нурислам

6 «В»

орыс тілі

Иманалиева А

3.

Утесинова АсеMay

5 «В»

қазақ тілі

Амирбаев А


2020-2021 оқу жылының 30-қазанында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Әл-Фараби атындағы қашықтық халықаралық олимпиадасына мектебіміздің 10 сыныптарынан 13 оқушы қатысып, 5 оқушымыз жүлделі орындарға ие болды. 

Мектебі

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Пәні

Орны

1

"Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі"КММ

Жусипбекова Даметкен 

10 А

Физика

ІІІ

2

"Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі"КММ

Азиз Жасмин Арманқызы

10 Ә

Биология

ІІІ

3

"Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі"КММ

Мақашова Алтынай Бақытбекқызы

10 Ә

Биология

ІІІ

4

"Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі"КММ

Сагынбаева Назиреш

10 Ә

Химия

ІІІ

5

"Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі"КММ

Карекеева Сауле

10 А

Математика

ІІІ



2020-2021 оқу жылының 9-қараша күні  мектеп директорының №  бұйрығына сәйкес мектепішілік пән олимпиядасы ұйымдастырылып, өткізілді. Олимпиядаға жалпы 57 оқушы қатысты. Барлық пән мұғалімдері мен оқушылар белсенділік көрсетіп, олимпиада өз деңгейінде өтті. Оқушылардың олимпиадаға деген қызығушылықтары өте жоғары болды. Жалпы қазақ тілі пәні бойынша 12 оқушы, математика пәні бойынша  9 оқушы, физика пәні бойынша 7 оқушы, химия пәні бойынша  2 оқушы, ағылшын тілі пәні бойынша  12 оқушы, биология пәні бойынша 4 оқушы, география тарих пәні бойынша 5  оқушы, орыс тілі пәні бойынша 8 оқушы қатысып, өз білімдерін сынады. Олимпиаданың нәтижесінде I, II, III орынды иелеген оқушылар анықталды. Оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталып, 1-орын иегерлері аймақтық олимпиадаға жолдама алды. Алдағы уақытта  оқушыларға   сәттілік тілеп, биік белестерден көрінулеріне тілек білдіреміз!

       Ауыл мектептеріне арналған білім бағдарламасы негізінде қазақстандық  кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен өткізілетін «IQANAT- 2020» жобасы аясында өтетін  пәндер   олимпиадасының 1-кезеңіне  қазақ тілі, математика, ағылшын тілі, физика пәндері   бойынша 16 оқушы қатысып, 3 оқушы келесі кезеңге жолдама алды. 

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

1

Жалғасбаева Шапағат 

2

Амандықова Аяулым 

9 Ә

3

Бахтер Әйгерім

9 Б


8-сыныптар  бойынша «IQANAT- 2020» жобасы аясындағы өтетін пәндер олимпиадасына  14 оқушыға сұраныс жіберілді.

«Білген Аламан» пән олимпиадасына 1-11 сынып оқушылары арасында өткізілді.  Бұл лимпиадаға -126 оқушы, 20 мұғалім өтінім берді.

2020 жылы 30 қараша күні «Өрлеу» Алматы облыстық филиалы ұйымдастырған «Зерттеуші» тақырыбындағы облыстық ғылыми жобалар байқауына белсене қатысып, ғылыми тұрғыда ізденгені үшін 10 «Б» сынып оқушысы Жайлғанова Сандуғаш (Жетекшісі А.Амирбаев) пен Сатканов Нұрсұлтан (Жетекшісі: Хожаметова Пердегүл) «Дипломмен» марапатталып, жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етілді.

Қашықтықтан ұйымдастырылған республикалық байқаулар көрсеткіштері

Байқау атауы 

Оқушының аты-жөні

Нәтижесі

Жетекшісі

1

«Абай оқулары» Республикалық мәнерлеп оқу байқауы  

Ниетбай Сымбат

І орын Диплом

№ А-0002322

Амирбаев А

2

«Абай оқулары» Республикалық мәнерлеп оқу байқауы  

Ниетбай Меруерт

Диплом

Амирбаев А


3

«Жарық жұлдыз» байқауы

«Жарқын болшақ» өнер орт.

Ниетбай Сымбат

І орын Диплом

№0001087

Амирбаев А

4

Республикалық мәнерлеп оқу байқауы      «Дарабоз» оқу орталығы

Сабырхан Ерболат

Бас жүлде №КР006080 

Есенкулова Ж

5

Республикалық мәнерлеп оқу байқауы   «Дарабоз» оқу орталығы

Шанабаева Мөлдір

1-орын                     № КР 05841  

Есенкулова Ж

6

Республикалық  «Жыр жазамын Мұқағали ізімен» сайысы    makataev.kz

Арманқызы Аружан

І орын  № 00815

Сатыбалдиева А

7

Республикалық  «Жыр жазамын Мұқағали ізімен» сайысы     makataev.kz

Нұрпейіс Еламан

IIІ орын

Сатыбалдиева А

8

"Әлем таныған Абай" шығармашылық байқау

Қосымбет Аяулым

І орын

Даршеева М

9

Республикалық" Мұқағали оқулары"   makataev.kz

Кеңесбай Ақтолқын

ІІ орын

Даршеева М

10

«Абай-дана, Абай-дара қазақта» шығармашылық байқауы

Маулетханова Балжан

ІІ дәрежелі диплом

Қани Г

11


«Абай-дана, Абай-дара қазақта» шығармашылық байқауы

Майрамсағатова Гүлнұр

ІІ дәрежелі диплом

Қани Г

12


www.edulife.kz сайты Республикалық онлайн олимпиада

Маулетханова Балжан

ІІ дәрежелі диплом

Қани Г

13

Республикалық «Ұлы халықтың-ұлы Абайы»     атты  «Мәнерлеп  оқу»     байқауы

Даулеткереева Жазира

І-орын  А-00769

Сейдалиева Ж

14


Республикалық «Отбасы алтын діңгек» Эссе байқауы

Әбдималик Әлиза

I дәрежелі Диплом.

Ихласова Б

15

Республикалық қазақ тілі пәнінен олимпиада «Балбұлақ» сайты

Абдикапбар Алихан

1-орын,  

№ 7003573

Ихласова Б

16

«Тәуелсіздік күні» мерейтойына орай ұйымдастырылған жалпы республикалық байқау

Орынбаева Адем-ай

І  дәрежелі диплом  №SY564

Қани Г

17

«Тәуелсіздік күні» мерейтойына орай ұйымдастырылған жалпы республикалық байқау

Бекимбетов Нұржан

ІІІ  дәрежелі диплом

№SY563

Қани Г

18

«Тәуелсіздік күні» мерейтойына орай ұйымдастырылған жалпы республикалық байқау

Умаров Өмірбек

І  дәрежелі диплом  №SY5197

Қани Г

19

«Тәуелсіздік күні» мерейтойына орай ұйымдастырылған жалпы республикалық байқау

Садық  Қарақат

І  дәрежелі диплом №SY562

Қани Г

20

«Тәуелсіздік күні» мерейтойына орай ұйымдастырылған жалпы республикалық байқау

Баянбай Азиза

І  дәрежелі диплом №SY5198

Қани Г

21-26

NIO .kz сайты


Бекмұрза Асия

Есболқызы Зейнеп

Қазақбай Рамазан 

Мергенбай Мөлдір 

Ескендір Аида

1 д Диплом

1 д Диплом

1 д Диплом

ІІд Диплом

ІІ д Диплом

Бекетаева Ботагөз

27-33

NIO .kz сайты

Серикбай Жұбаныш

Жалгасбаев Бекарыс

Абдижами Нұрмұхаммед

Ермекьай Ерсұлтан

Жақсылық Жасұлан

Қасымова Эльмира

Алтынай Юсуп

сертификат

ІІІ орын


ІІІ орын

ІІІ орын

ІІІ орын

ІІІ орын

ІІІ орын

Карымсакова Г.Т.

34

NIO .kz сайты

Қорғанбек Рауан

Шегебаева Жансая

Сәрсенбаева Жансая

1 д Диплом

1 д Диплом

1 д Диплом


Карабалаева Амантай Тарганбаевна

35

ЖМЦ пәндері бойынша Әл-Фараби атындағы  халықаралық олмпиададан  

Азиз Жасмин, Мақашева Алтынай

ІІІ дәрежелі диплом

Ниязова З

36

«Ақ бота» интеллектуалдық  марафоныны

Абдулазиз Бекмурза, айжамал Токтамысова

ІІ дәрежелі жүлдегері

А.Сатыбалдиева

37

«Ақ бота» интеллектуалдық  марафоны

Асылхан Жақсылық, Нұржамал Тоқтамысова, Аружан Есболқызы, Нурислам Омиркулов,

ІІІ дәрежелі жүлдегері

Г.Қани

38

Республикалық «Дара жұлдыз» өнер байқауынан

Ибрагимова Мөлдір.

1 орын

Қ.Досчанов

39

«Kemel Academy»  онлайн-мектебі ұйымдастырған  «қызықты математика және логика» атты ҮШ республикалық онлайн-олимпиадасынан

Тұрғанбек Алтынбек

 1 орын


40

«Республикалық қашықтан «Тәуелсіздік – мәігілік елдің тұғыры» атты  байқауы

Сергей Құндыз

1 орын

Раймбек Е

41

Республикалық КИО  аудандық кезеңі бойынша

Сезім Жанабай

3 орын

Э.Жулпанова

42

«Зерттеу» тақырыбындағы облыстық ғылыми жобалар байқауы

Сатканов Рамазан, Жайылғанова Сандуғаш

Диплом

П.Хожаметова

А.Амирбаев


Аты-жөні

республикалық

жетекшісі

1

Абдиомар Қабанбай

Республикалыық"Жарық жұлдыз" өнер байқауы ІІ орын 2020ж  №№0001475              2020:

Абдижамалова Илья

2

Шаяхметова Милана

 "KEMEL ACADEMY" онлайн-мектебі ұйымдастырған ІІ Республикалық "Қызықты математика және Логика" онлайн олимпиадасы  І дәрежелі Диплом №00112           2020 ж;

Жулпанова Эльмира

3

Қасымбай Медина

 "KEMEL ACADEMY" онлайн-мектебі ұйымдастырған ІІ Республикалық "Қызықты математика және Логика" онлайн олимпиадасы  І дәрежелі Диплом №0068           2020 ж;

Жулпанова Эльмира

4

Берік Айару

Математика пәні бойынша оқушыларға арналған Республикалық интеллектуалды "Кім жүйрік?" ойыны   І дәрежелі Диплом №201    2020 ж;

Өмірзақ Ұлдай

5

Болтабай Самира

Математика пәні бойынша оқушыларға арналған Республикалық интеллектуалды "Кім жүйрік?" ойыны   І дәрежелі Диплом №202    2020 ж;

Өмірзақ Ұлдай

6

Кумекбай Асель

Математика пәні бойынша оқушыларға арналған Республикалық интеллектуалды "Кім жүйрік?" ойыны   І дәрежелі Диплом №203    2020 ж;

Өмірзақ Ұлдай

7

Қаржаубай Нұрқасым

Математика пәні бойынша оқушыларға арналған Республикалық интеллектуалды "Кім жүйрік?" ойыны   І дәрежелі Диплом №526   2020 ж;

Өмірзақ Ұлдай

8

Нұрәлі Нұрислам

Математика пәні бойынша оқушыларға арналған Республикалық интеллектуалды "Кім жүйрік?" ойыны   І дәрежелі Диплом №205   2020 ж;

Өмірзақ Ұлдай

9

Рыскелді Айгүл

Математика пәні бойынша оқушыларға арналған Республикалық интеллектуалды "Кім жүйрік?" ойыны   І дәрежелі Диплом №204    2020 ж;

Өмірзақ Ұлдай

10

Абдиумар Жібек

Республикалық "Жарық жұлдыз" өнер байқауы ІІ орын №0003790             2020ж;

Ибиниямова Әсемгүл

11

Мұрат Еркебұлан Арманұлы

Республикалық "Жарық жұлдыз" өнер байқауы ІI орын №0001191             2020 ж;

Ережепова Гүлшат

12

Бақтыбай Санжар Ержанұлы

Республикалық "Жарық жұлдыз" өнер байқауы ІI орын №0001215                2020 ж;

Ережепова Гүлшат

13

Бақытбек Сезім Бауыржанқызы

Республикалық "Жарық жұлдыз" өнер байқауы Бас жүлде №0001182                    2020 ж;

Ережепова Гүлшат

14

Байрамбай Кәусар Серікқызы

Республикалық "Жарық жұлдыз" өнер байқауы Бас жүлде №001409                           2020 ж;

Ережепова Гүлшат

15

Болтабай Самира Боходирқызы

Республикалық "Жарық жұлдыз" өнер байқауы ІII орын №0001249                 2020 ж;

Ережепова Гүлшат

16

Убби Ақнұр Ерланқызы

Республикалық "Жарық жұлдыз" өнер байқауы ІII орын №0001221                          2020 ж;

Пирашова Айнаш

17

Бисембаева Ақнүр Кайыргалиқызы

Республикалық "Жарық жұлдыз" өнер байқауы  І орын №0001266                                2020 ж;

Пирашова Айнаш

18

Қалдыбай Балнұр 

Республикалық "Жарық жұлдыз" өнер байқауы ІI орын №0001222                        2020 ж;

Пирашова Айнаш

19

Тұрғанбек Алтынбек Жанібекұлы

Республикалыық "Kemel Akademy" онлайн мектебі " Қызықты матеметика және Логика" 1 - Дәрежелі диплом

Кочкарова З

20

Оразбай Ернұр Қанатбайұлы 

Республикалыық "Kemel Akademy" онлайн мектебі " Қызықты матеметика және Логика" 1 - Дәрежелі диплом

Кочкарова З

21

Сергей Құндыз

Республикалық "Тәуелсіз-мәңгілік елдің тұғыры"    Диплом 1 -Дәрежелі

Раймбек Е

22

Темірхан Альбина

Республикалық "Тәуелсіз-мәңгілік елдің тұғыры"    Диплом 1 -Дәрежелі

Раймбек Е

23

Ережептөре Ұласхан

Республикалық "Тәуелсіз-мәңгілік елдің тұғыры"    Диплом 1 -Дәрежелі

Раймбек Е

24

Жалғасбай  Дінмұхаммед

Республикалық "Тәуелсіз-мәңгілік елдің тұғыры"    Диплом 1 -Дәрежелі

Раймбек Е

25

Ермекқызы Көркем

Республикалыық "Kemel Akademy" онлайн мектебі " Қызықты матеметика және Логика" 1 - Дәрежелі диплом

Жалгасова К



7. Пән мұғалімдерінің сапа және үлгерім көрсеткіштері

«Сапа – мүлдем кездейсоқтық емес. Бұл жоғарғы ақыл-ойдың нәтижесі» Джон Раскин айтқандай       Оқушылардың білім сапасын арттыру, ең алдымен мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, оқушылардың оқу іс-әрекетін педагогикалық сауатты ұйымдастыра білуіне байланысты. Оқыту теориясы қаншалықты дамытылғанымен, оқу бағдарламасы қаншалықты жетілдіргенімен, оқулық пен оқу құралдарының сапасы барынша жақсартылғанымен, мектеп керекті оқу құралдарымен керегінше жабдықталғанымен, оқу процесінде осының баршасына жан бітіріп, іске қосатын, оларды оқушылардың бақылау, байқау, зерттеу, оқу, үйрету тағы сол сияқты іс-әрекеттер объектісіне айналдыратын кілт- мұғалімде. Олай болса пән мұғалімдерінің сапа көрсеткішіне назар аударайық. 



50% төмен  сапа көрсеткен пән мұғалімдері-3:

Мұғалімнің аты -жөні 

Санаты 

Тоқсандық білім сапасы 


қазақ сыныптарында 

I

II

III

IV

1

Ихласова Бериккул Галымдоллоевна 

б/ж

қазақ тілі мен әдебиеті

46

46



2

Убайдуллаева Жамила Зейнуллаевна 

санатсыз

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі 

52%

47%



3

Калиев Куаныш Мухамбетказиевич

педагог-зерттеуші, 

математика

43,6

47,7













Ең жоғары сапа көрсеткен пән мұғалімдері-4

Мұғалімнің аты -жөні 

Білімі 

пәні

І тоқсан

ІІ тоқсан 

1

ИсMayылова Салиха Есиркегеновна

Жоғары 

орыс тілі мен әдебиеті

62%

71%

2

Байходжаева Камила Утеулиевна

Арнаулы орта

бастауыш

73%

73%

3

Тажимуратова Майра Нурмаганбетовна

Жоғары

бастауыш

72%

72%

4

Таекеева Галия Бахытжановна

Жоғары

бастауыш

69%

73%


Ұсыныс: 

1. Педагог-мамандарың кәсіби шеберліктерін арттыру, дайындық курсынан уақытылы өтулеріне көмек көрсету;

2.  Жас мамандардың кәсіби тұлғаларын қалыптастыруға, кәсіптік шеберліктерін көтеруге көмек көрсету

3. Білім сапасын көтеру