Рәміздердің онкүндігі » Страница 2 » «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемес
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27) 715 8141
Есепші бөлімі:
+7(27) 715 8141
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
март
2018

Рәміздердің онкүндігі

«Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» бойынша 2017 жылдың 13-23 қазан аралығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және дұрыс қолдану мақсатында онкүндік жүргізілді.
Осыған орай мектептің 2017 жылдың 09 қазан күні № 277 бұйрығы шығарылып, жоспар құрылып,бекітілді. Жоспар негізінде төмендегі іс-шаралар өткізілді. Лездемеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және дұрыс қолдану мақсатында жүргізілетін онкүндік туралы оқушылар мен сынып жетекшілерге хабарлану айтылды. 1-11 сынып жетекшілер «Еліміздің рәміздері - менің мақтанышым» атты сынып сағаттарын өтті. Сонымен қатар, 19 қазан күні 7 «Ә» сынып жетекшісі А.Түйтебаева өз сыныбында «Отан-отбасынан басталады» ашық тәрбие сағатын өткізсе, 21.10.2017 жылы Т.Кенжебаева 4 сыныптар арасында «Рәміздер тарихынан»ашық тәрбие сабағын өткізді.
Сондай-ақ 15 қазан күні П.Маханова 5 сыныпты «Ел болам десеңіз-бесігінді түзе» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. 13-16 қазан аралығында қазақ тілі мен орыс тілі пәні мұғалімдері «Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздіктің шындығы» шығармалар байқауын өткізіп, үлгілі шығармалардың иелері 23 қазан күні лездемеде марапатталады. К.Ажимуратова 7 сыныптар арасында «Мен –Отанымның патриотымын атты дөңгелек үстел өткізді.
Сонымен қатар 1-5 сыныптар арасында «Еліміздің рәміздері- менің мақтанышым» атты сурет көрмесі өткізілді. 5-11 сыныптар арасында Қазақстан Республикасының рәміздері бойынша сауалнамалар жүргізілді. Мектеп кітапханасында мектеп кітапханашысы С.Жоламанова «Мемлекеттік рәміздер елдіктің нағыз белгісі» атты үлкен кітап көрмесін өткізді.

ДТІЖО Г.Топетова
Назад 1 2 Вперед