«Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» КММ 2020-2021 оқу жылы Тәрбие жұмысын ұйымдастыру ЖОСПАРЫ » «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемес
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27) 715 8141
Есепші бөлімі:
+7(27) 715 8141
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2020

«Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» КММ 2020-2021 оқу жылы Тәрбие жұмысын ұйымдастыру ЖОСПАРЫ

         Бекітемін_________________                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             Мектеп директоры  А.Карекеева

«Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ  орта мектебі» КММ

2020-2021 оқу жылы

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру

ЖОСПАРЫ


Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2015   жылғы 22 сәуірдегі     №227  қаулысымен     бекітілген

Қазақстан Республикасы  білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының кешенді  бағдарламасы негізінде және «Коронавирустық инфекцияның таралуына  байланысты   шектеу шаралары  кезінде  білім   беру  ұйымдарында  оқу   процесін  жүзеге  асыру   жөніндегі  әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2020   жылғы  13  тамыздағы   №345  бұйрығы негізінде құрастырылған.


 

                                                                                                                                                                                         Педагогикалық кеңесте қаралды    

                                                                                                                                                                        Хаттама №1

                                                                                                                                                                                                          2020 жылдың  _____ тамыз





Жоспарды әзірлеуге негіздеме:


  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • «Білім туралы» Заң (қазақ және орыс тілдерінде) (2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ өзгерістері мен толықтыруларымен және Үкімет қаулысы);
  •  «Неке  (ерлі-зайыптылық)  және   отбасы  туралы»  Қазақстан Республикасының Кодексі. 26 желтоқсан 2011жыл;
  • «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы;
  • «Қазақстан   Республикасындағы  баланың  құқықтары   туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы;
  • «Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профилактикасы  туралы»   Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 ;
  • Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Қазақстан Республикасының Заңы  29.04.201 №271-4;
  • «Балаларды  денсаулығы   мен  дамуына  зардабын   тигізетін  ақпараттан қорғау  туралы»   Қазақстан  Республикасының  2018   жылғы  02  шілдедегі   №169-VI Заңы;
  • «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151- І заң (2007 жылғы 27 шілдедегі өзгерістері мен толықтыруларымен);
  • Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңы;
  • БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы   2003 ж. 31 қазан.
  • Қазақстан  Республикасының  2015   жылғы  18  қарашадағы   №  410-V Заңы. 
  • Қазақстан  Республикасы   Үкіметінің  2019  жылғы   27  желтоқсандағы №988  қаулысымен   бекітілген  Қазақстан  Республикасында  білім   беруді  және ғылымды  дамытудың   2020  –  2025   жылдарға  арналған  мемлекеттік бағдарламасы; 
  • Қазақстан  Республикасы   Білім  және  ғылым   министрінің  2018  жылғы 1   қазандағы  №  525   бұйрығымен  бекітілген  Қазақстан   Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері.
  • Қазақстан  Республикасы   Білім  және  ғылым   министрлігінің  2020 жылғы  12   маусымдағы  №  248   бұйрығымен  бекітілген  2020-2025   жылдарға арналған «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы.
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген « Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;
  • Қазақстан Республикасында  білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
  • Қазақстан Республикасында 2015-2020 жылдарға арналған нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес стратегиясы 
  • Қазақстан Республикасындағы атаулы күндер;
  • Саламатты Қазақстан -2015-2020 мемлекеттік бағдарламасы;
  • Қазақстан Республикасы  Президентiнiң 2013 жылғы  желтоқсандағы «Қазақстан жолы – 2050 бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауы;
  • 2015 жылғы ҚР Президентінің «100 нақты қадам» бағдарламасы.
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 525 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың Тұжырымдамалық негіздері
  • Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшін ҚР Білім және  ғылым   министрінің  2019  жылғы   15  сәуірдегі  №   150  бұйрығымен бекітілген,  Қазақстан   Республикасының  білім  беру   ұйымдарындағы  білім алушыларды кәсіптік бағдарлауды диагностикалау және анықтауды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымды пайдалануға болады (https://www.nao.kz).
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқаулық  (https://www.nao.kz).
  • Қазақстан  Республикасының  2015-2025   жылдарға  арналған  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы   стратегиясы  туралы:  
  • 2017 жылғы ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
  • 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі 



Қазақстан  Республикасында  білім   беруді  және  ғылымды   дамытудың 2020-2025  жылдарға  арналған   мемлекеттік  бағдарламасына  сәйкес   оқу-тәрбие жүйесі  білім  берудің   барлық  деңгейлерінде  бірыңғай идеологиялық  және құндылықтар  тәсілдеріне   құрылады.  Тәрбие  жұмыстары   барлық  ынталы тараптар:  отбасы,   білім  беру  ұйымдары,   қоғамның  кең  ауқымда   қатысуымен кешенді түрде жүргізілуі тиіс.

Тәрбие  жүйесін   білім  беру  ұйымының   ұжымы  бірігіп  жүзеге   асырады. Білім  алушылардың  дамуы   үшін  жобаны  жүзеге   асыруға  барлық  қызметкерлер өз  үлесін   қосады.  Жақсы  қасиеттер   «Мен  айтқандай  істе»   тұрғысынан  емес, «Мен  сияқты   істе»  тұрғысынан  берілуі   тиіс.  Өзінің  өнегелі   үлгісі  негізінде баланы  тәрбиелеу   –  мақсатқа жеткізетін  бірден-бір   дұрыс  тәрбие  көзі   болып табылады.



ЕСКЕРТПЕ: Республикада жарияланған эпидемиялық жағдайға байланысты 2020-2021 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспары қашықтан Zооm, WhatsApp бағдарламалары арқылы ұйымдастырылып, өткізілген іс-шаралар мектептің instagram, facebook әлеуметтік желілеріне жарияланады.



Тәрбие саласына қатысты қазақстандық және

халықаралық мерекелер мен

 атаулы күндер:

  • 30 тамыз  - ҚР  Конституциясы   күні;
  • 1 қыркүйек -  Білім күні;
  • 05 қыркүйек – Қазақстан халықтары тілдері мерекесі күні;
  • 10 қыркүйек - Отбасы күні;
  • 15 –қыркүйек. Денсаулық фестивалі. (1 аптасы.)
  • 15.09-19.09. Діни экстремизмнің алдын алу күні
  • 1 қазан - Қарттар күні;
  • 4 қазан - Ұстаздар күні; 
  • 30 қазан  - Алкогольмен күрес күні;
  • 28.10.- Еңбек күні.
  • 15.10-15.11. Құқықтық тәрбие айлығы.
  • 16.11-20.11. Мәңгілік Ел. ҚР Ассамблеясына 21 жыл
  • 15 қараша -  Ұлттық валюта күні;
  • 02.11.-07.11. Зорлық-зомбылықтың алдын алу.
  • 03.11- 03.12. Дүниежүзілік адам имундық   тапшылық синдромымен күрес күні. СПИД-АИТВ алдын алу.
  • 16.11- Толеранттылық  күні.
  • 18.11. Рухани келісім күні.
  • 20 қараша – Балалар  құқығы туралы Конвенция күні; 
  • 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні;
  • 10 желтоқсан - Адам құқығы күні;
  • 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні;
  • 26.12 - 30.12. – Жаңа жыл.
  • 10.01-10.02. «Абайлаңдар, балалар!» айлығы
  • 10.01.-20.01. Қылмыстың алдын алу күні.
  • 18 қаңтар – Тұмаудың алдын алу күні;
  • 10.02-10.03. «Өмірге Иә деп айт!» Республикалық ақпараттық науқан
  • 15 ақпан – Салауатты өмір салты күні;
  • 15 ақпан- Кеңес әскерінен Ауғанстаннан шығарылған күні.
  • 23.02.-24.03. Туберкулездің алдын алу айлығы.
  • 01.наурыз- Алғыс айту күні.
  • 1 наурыз –  Азаматтық қорғаныс күні;
  • 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
  • 22 Наурыз – Наурыз  мерекесі;
  • 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні;
  • 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні;
  • 10 сәуір- Ескерткіштерді қорғау күні.
  • 10 сәуір -21 сәуір аралығында «Қауіпсіз Интернет» атты Республикалық ақпараттық науқан
  • 12 сәуір - Ғылым және Космонавтика күні;
  • 10 сәуір мен 10 мамыр аралығы Патриоттық тәрбие айлығы. (Саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күні.)
  • мамыр - халықтар достығы және ынтымақтастығы күні;
  • 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні;
  • 9 мамыр - Жеңіс күні;
  • 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні;
  • 31 мамыр –Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні.
  • 1 маусым  - Балаларды қорғау күні;
  • 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні;
  • 6 шілде  Астана күні.
















2020-2021 оқу жылындағы  «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ  орта мектебі» КММ 

оқу-тәрбие жұмысының  тақырыбы:


Мектептің тақырыбы: 

«Білім беру тәжірибесіндегі озық тәсілдер – функционалдық сауаттылықты дамыту кепілі»

Тәрбие жұмысының тақырыбы:

«Қазақстандық   патриотизм мен адами құндылықтарға  негізделген жеке тұлға қалыптастыру»

Тәрбиелік мақсаты:

«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының негізгі құндылықтарын жүзеге асыру арқылы, салауатты және рухани дамыған, интеллектуалды,  бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.

Тәрбиенің міндеттері:

  • «Бала құқықтары туралы Конвенцияны»  іске асыру; 
  • ҚР Конституциясын  басшылыққа алып құқықтық сананы қалыптастыру және дамыту, жастар арасында қатігездік пен күш көрсетуге ымырасыз болуға, жаңа демократиялық қоғамда өмір сүре білуге, жемқорлыққа «жоқ» деп айта білуге үйрету; 
  • ҚР «Білім туралы заңын» іске асыру бағдарламасын жалғастыру, сапалы біліммен қамтамсыз ету;
  • Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан   халықына жолдауларын  басшылыққа алу;
  • ҚР мектеп оқушыларының патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасын пайдалану, азаматтық- патриоттық сананы қалыптастыру, рухани-адамгершілік қасиеттерді жетілдіру, этикалық принциптерді ұстана отырыпқазақстандық қоғамның нормалары мен дәстүрлеріне қайшы келмеу;
  • тұлғаның адами және ұлттық құндылықтарды ұстана отырып, қазақ халқының тілін, дәстүрлерін мойындауға, ұстануға  жетелеу, полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру мен толерантылықты нығайту, Қазақстан Республикасында өмір сүретін түрлі этностар мен этнотоптардың тілін, мәдениетін дәріптеуге үйрету;
  • отбасылық құндылықтардыкеңінен насихаттау, ата-аналардың психологиялық, педагогикалық білімін жетілдіру, ата-ананың баланың тұлға ретінде қалыптасына, тәрбиесіне жауаптылығын сезіндіру;
  • еңбек дағдысын қалыптастыру, тұлғаның экономикалық ойлау дағдысын ұштап, болашақ мамандығын таңдауда жол ашу, экологиялық мәдениетті дамыту, ұжымдық қарым-қатынастың ережесін біліп, өмірде қолдану;
  • интеллектуалдық мүмкіндіктердің, дарындылық пен көшбасшылық қасиеттердің  дамуына, тұлғаның ақпараттық мәдениетінің дамуына қажетті мотивациялық кеңістікті қалыптастыру;
  • мектепте көпмәдениетті ортаны қалыптастыруға ықпал ету, ортақ мәдениет дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және өмірдегі эстетикалық нысандарды қабылдауға, игеруге, бағалауға дайын болуын қаматамсыз ету;
  • дене тәрбиесіне жіті назар аударып, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыруға ыңғайланған кеңістік орнатып, оқушыны өзінің  физикалық және психологиялық денсаулығына нұқсан келтіретін факторларды анықтай білуге үйрету.


Нәтижесінде:

  • азаматтық-патриоттық сана-сезімі жоғары;
  • рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған;
  • отбасылық құндылықтарды ұстанатын;
  • құқықтық санасы нығайып қалыптасқан;    
  • салауатты өмір салтын ұстанатын;
  • интеллектуалды, білімді, жан-жақты   және бәсекеге қабілетті;
  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысатын, халқымыздың бай өмір тәжірибесі негізінде тәрбиеленген, ұлттық менталитетімізді бойына сіңірген 

ХХІ ғасырдың жеке тұлғасы тәрбиеленеді.



ТӘРБИЕЛІК БАҒЫТТАР:

  1. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие;
  2. Рухани-танымдық тәрбие;
  3. Ұлттық тәрбие;
  4. Отбасылық тәрбие;
  5. Еңбек,   экономикалық  және экологиялық тәрбие;
  6. Көпмәдениетті  және көркем-эстетикалық тәрбие;

7.     Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу;

  1. Дене  тәрбиесі ,салауатты өмір салты.









І БАҒЫТ:

Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.

Мақсаты: 

Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптастыру; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайындығы.

Міндеттері:

  • жастар санасына патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен нанымдарды сіңіру, ұлт бірлігін сақтау;
  • жастардың Отанға адалдығын, қоғам мен мемлекетке лайықты қызмет етуге дайындығын қамтамассыз ету;
  • қазақстандық патриотизмді қалыптастру, мораль мен парасаттылық нормаларын, этносаралық жәнеқоғамдық келісімді, заңға мойынұсынушылықты, сондай-ақ өскелең ұрпақтың дене және рухани дамуын қалыптастыру;
  • ҚР мемлекеттік рәміздеріне деген құрметі арқылы әр оқушының өз Еліне  деген мақтанышын нығайтып, патриоттық  сезімі мен Отан үшін білім алып, ерең еңбек етуге дайын болуын тәрбиелеу,«қазақстандық-патриот» тұлғасын тәрбиелеу; Мәңгілік Ел идеясының, болашақтың даму жолдары  мен мақсаттарының барлық қазақстандықтар   үшін бір екендігін ұғындыру.


Шаралар

Қорытынды  құжат

Жауаптылар

Мерзімі

1

ҚР Конституциясы күні.

Түптеме жасау, суретті анықтама, сайтқа салу 

ДТІЖО, сынып жетекшілер

30 тамыз

2.

1-Қыркүйек Білім күні. Білім күнінің тақырыбы:                                                     Еліміздің негізгі Заңы- Қазақстан Республикасының     Конституциясы қабылдануының 25 жылдығына арналған"Конституция - біздің болашағымыз".

"Біз  сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз".

"Мамандық  таңдау     - ертеңді ойлау".

1.Мектептің ішкі тәртіп ережелері;

2. "Білім беру ұйымдары оқушыларының Кодексі"

3.Оқушылардың мектептегі құқықтары.

Түптеме жасау, суретті анықтама, сайтқа салу 

ДТІЖО, сынып жетекшілер

1 Қыркүйек

3

«Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымының құрамын бекіту

Түптеме жасау, суретті анықтама, сайтқа салу

ДТІЖО, педагог-ұйымдастырушы

Қыркүйек 

4

Діни –экстремизмнің алдын алу күні.

Түптеме жасау, суретті анықтама, сайтқа салу 

ДТІЖО, сынып жетекшілер

15.09-19.09.20ж

5

Мәңгілік Ел. ҚР Ассамблеясы

Түптеме жасау, суретті анықтама, сайтқа салу 

ДТІЖО, сынып жетекшілер

16.11-20.11.20ж

6

Тұңғыш Президент күні. Елбасы күні.

Түптеме жасау, суретті анықтама, сайтқа салу 

ДТІЖО, сынып жетекшілер

1-желтоқсан

7

16- желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні.

Түптеме жасау, суретті анықтама, сайтқа салу 

ДТІЖО, сынып жетекшілер

16-желтоқсан

8

Жемқорлықпен күрес. Адал ұрпақ ұйымымен жұмыс.

Түптеме жасау, суретті анықтама, сайтқа салу 

ДТІЖО, сынып жетекшілер

Желтоқсан- қаңтар

9

Кеңес әскерінен Ауған соғысынан шығарылған күн.

Түптеме жасау, суретті анықтама, сайтқа салу 

ДТІЖО, сынып жетекшілер

ақпан

10

«Елім менің» патриоттық әндер конкурсы.

Түптеме, суретті анықтама, сайт

Аға тәлімгер;

ақпан

11

Азаматтық қорғаныс күні.

Түптеме жасау, суретті анықтама, сайтқа салу 

АӘД пәні мұғалімі

наурыз

12


Патриоттық тәрбие айлығы. (Үздік командир, шерулер, т.б.)

Түптеме жасау, суретті анықтама, сайтқа салу 

Пед.ұйымд. 

сәуір

13


7-мамыр Отан қорғаушылар күні.

мерекелік әскери шеру. (Саптық ән байқауы)

Түптеме жасау, суретті анықтама, сайтқа салу

ДТІЖО, сынып жетекшілер

мамыр

14

«9-мамыр Ұлы Жеңіс күні» мерекелік іс-шара. Отан соғыс ардагерлерімен интернационалист жауынгерлерімен кездесу.

Түптеме жасау, суретті анықтама, сайтқа салу

ДТЖО, Сынып жетекшілер

мамыр

15

31 мамыр Саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні.

Түптеме жасау, суретті анықтама, сайтқа салу

ДТІЖО, кітапханашы, АӘД оқытушысы, Сынып жетекшілер, аға тәлімгер

мамыр

16

ҚР Мемлекеттік Рәміздер күні.

Түптеме жасау, суретті анықтама, сайтқа салу 

ДТІЖО, Тарих ӘБ, АӘД мұғалімі, Педагог ұйымдастырушы 

маусым













І БАҒЫТ:

Құқықтық  тәрбие

Мақсаты: 

балалар мен жастардың  құқықтық мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін көтеру, әрі азаматтық- құқықтық тәрбие бойынша ғылыми негізделген саясат жүргізу.

Міндеттері:

  • Тәуелсіздік пен Егемендіктің нышаны болып табылатын  ҚР мемлекеттік рәміздерін  дәріптеп қастерлейтін;
  • жас буыныңқұқықтық санасы нығайып дамыған, азамат ретінде қалыптасып, қажетті білім алып, жан-жақты  дамуына деген мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған шаралардың мәнін түсінетін;
  • балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығы қалыптасқан;
  • дүниежүзілік балалар құқығы Конвенциясы принциптерін жетік білетін, адам құқығын сақтауға әр кез дайын тұлға қалыптастыру.

Шаралар

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Мерзімі

1

«Мектептің  ішкі тәртіп ережесімен таныстыру.Оқушының құқықтары мен міндеттері» 

Түптеме, суретті анықтама,

сайтқа салу

ДТЖО, 1-11 сынып жетекшілер

1-қыркүйек

2

«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» АПБ ЖПҚ бірлескен жұмыс жоспары, рейд жүргізу

Түптеме, суретті анықтама,

сайтқа салу

ДТЖО                   Ембергенова А.   Мектеп инспекторы 

тоқсан сайын

3

«Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық дайындау» тренинг

Түптеме, суретті анықтама,

сайтқа салу

инспектор, психологтар 

қазан

4

Құқықтық тәрбие айлығы. «Құқық-әділет пен парасат жолы» қашықтық онлайн конференция ұйымдастыру.

Түптеме, суретті анықтама,

сайтқа салу

ДТЖО, педагог-9йымдастырушы,

сынып жетекшілер. Мектеп инспекторы 

қазан

5

«Зорлық – зомбылықсыз қатыгездіксіз, балалық шақ!» онкүндік акция

Түптеме, суретті анықтама,

сайтқа салу

ДТЖО, психолог, инспектор

қараша

6

«20 қараша- Бала құқығы туралы Конвенция күні » тақырыптық  сынып сағаттары

Түптеме, суретті анықтама,

сайтқа салу

ДТЖО,инспектор,       5-11сынып жетекшілер

қараша

7

«10 желтоқсан – Адам құқығы күніне орай сынып сағаттары. «Адам құқығының сақталуы» 

Түптеме, суретті анықтама,

сайтқа салу

ДТЖО,сынып жетекшілер инспектор, психолог.

Желтоқсан

8

«Өз құқығыңды білесің бе?» сауалнама.

Қылмыстың алдын алу күні.

Түптеме, суретті анықтама,

сайтқа салу

ДТЖО, мектеп психологы

Қаңтар

9

«Менің құқықтарым мен міндеттерім» сыныптан тыс шаралар.

Түптеме, суретті анықтама,

сайтқа салу

инспектор, психолог,АӘД мұғалімі

10.01-10.02 айлық

10

«Өзіңді қорға атты құқықтық бұрыштар ұйымдастыру»(сенім бұрышы)

Түптеме, суретті анықтама,

сайтқа салу

ДТЖО. Пед.ұйымдастырушы, психологтар

Ақпан

11

 «Адал ұрпақ -2021» слеті.

Суретті

анықтама, түптеме, сайт

инспектор, психолог.

Сәуір







ІІ БАҒЫТ:

Рухани-танымдық тәрбие

Мақсаты: 

Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • күнделікті өмірге және оның мәселелеріне қатысты дұрыс шешім қабылдай білетін тұлғаны қалыптастыру;
  • адамдар арасындағы өмірге дайын, достаса, сүйе, қуана білетін, яғни кез келген жағдайда бақытты бола алатын адам мінез-құлқының жаңа моделін қалыптастыру;
  •  моральдық тұрғыдан ұстанымы мықты, айналасындағыларға көмектесе алатын, ар ұждан тазалығын сақтайтын азаматты тәрбиелеу.


Шаралар

Аяқталу нысаны

Жауаптылар

Мерзімі

1

«Жүректен-жүрекке» мектепке жол қамқоршылық акциясы

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТІЖО, әлеуметтік педагог

Тамыз-қыркүйек

2

5- қыркүйек Тілдер мерекесі.  

Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры», тақырыбында тілдер мерекесі.

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТІЖО, «Руханият» ӘБ,сынып жетекшілер

5- қыркүйек

3

1 қазан.  Қарттар күні. «Қарттар –асыл қазынам»

  • Сынып сағаттары
  • Еріктілер тобымен қайырымдылық акциясы

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТЖО,

СЖ  ӘБ. Еріктілер тобы ұйымы.

қазан

4

Рухани – келісім күні. Рухани келісім күні аясында зиялы қауым өкілдерімен кездесулер өткізу. 

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТЖО,

СЖ  ӘБ, 1-11 сынып жетекшілер. Өзін –өзі тану бірлестігі.

қазан

5

«Рухани адамгершілік тәрбие-қоғамның төзімділігінің негізі» дөңгелек үстел "Толеранттылықты қалай түсінеміз? Пікірталас. 

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТЖО,

СЖ  ӘБ, ӨӨТ бірлестігі

қараша

6

«Мейірбандық - адамның барлық адамгершілігіне түрткі болатын негіз» рухани мазмұндағы әдеби –сазды кеш. 

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТЖО,

ӨӨТ бірлестігі

желтоқсан

7

«Өмірге ИӘ деп айт.» Республикалық науқан. (суициалды алдын алу.)

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

Мектеп психолог,1-11 сыныптар

қаңтар - ақпан

8

1 Наурыз - Алғыс айту күні. 

«Қайырымдылық сенің жаныңда»

 Әлеуметтік акция ұйымдастыру. Ассамблея күні.

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТЖО, ӨӨТ бірлестігі әлеум. пед. психолог

1-11 сынып жетекшілер

ақпан

9

Республикалық «Өзін-өзі тану: Махаббат және шығармашылық     педагогикасы» атты онкүндігін өткізу.

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТЖО,ӨӨТ бірлестігі

ақпан

10

«Менің отаным Қазақстан» халықаралық балалар кітабы күні

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТЖО, кітапханашы,сынып жетекшілер

сәуір

11

Ескерткіштерді қорғау күні. 

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТЖО, «Патриот» ӘБ

1-11 сынып жетекшілер

10-сәуір

12

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» саяхат.

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

«Шапағат» ӘБ, 5-11 сынып жетекшілер

мамыр



ІІІ БАҒЫТ:

Ұлттық тәрбие

                 Мақсаты:

         Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бағдарлауына жол салу, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетіне құрмет көрсету.

             Міндеттері:                                          

  • тұлғаның адами және ұлттық құндылықтарды ұстана отырып, қазақ халқының тілін, дәстүрлерін  мойындауға, ұстануға   жетелеу;
  • полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру мен толерантылықты нығайту;
  • Қазақстан Республикасында өмір сүретін түрлі этностар мен этнотоптардың тілін, мәдениетін дәріптеуге үйрету.


Шаралар

Аяқтау нысаны 

Жауаптылар

Мерзімі

1

Абай Құнанбаевтың 175 – жылдығына орай әдеби оқулар, ұлы ойшылдың шығармаларын кеңінен насихаттау. «Абай мұрасы-халық ұлағаты» жас мамандарға арналған онлайн кеш. «Дархан халықтың дана Абайы» атты ашық кітап көрмесін жаңа материалдарымен толықтыру.

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

«Руханият» ӘБ, жас мамандар Г.Қани, кітапханашы.

Қыркүйек-қазан

2

2 қазан     күні  алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың  ғарышқа  ұшқанына 29 жыл. «Қазандағы айтулы  сол күн» тақырыбы бойынша көрме жасау. 

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТІЖО,кітапханашы С.Жоламанова

қазан

3

«Біз Махамбет ұрпағымыз!»

 атты мәнерлеп оқу байқауы

Хаттама, суретті

«Руханият» ӘБ

қазан

4

Ақын Ж.Молдағалиевтың 100 жылдығына орай « Мен қазақпын» тақырыбында әдеби кеш.(қашықтықтан ұйымдастыру)

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТІЖО,кітапханашы С.Жоламанова

қазан

5

Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығына орай «Ұлы ойшыл ғалым» тақырыбында дөңгелек  үстел ұйымдастыру. 

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТІЖО,кітапханашы С.Жоламанова

қараша

6

24 желтоқсан батыр жазушы Б.Момышұлының 110 жылдығына орай « Ұшқан ұя» повесі бойынша онлайн оқырмандар конференциясы. 

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТІЖО, «Руханият» ӘБ, кітапханашы С.Жоламанова

желтоқсан

7

12 қаңтар мемлекет және қоғам қайраткері,үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Д.А. Қонаевтың туған күніне арнап     «Қазақ даласындағы асқар тау» атты еске алу кеші. 

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТІЖО, «Патриот» ӘБ, кітапханашы С.Жоламанова

қаңтар

8

9 ақпан ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне арналған «Жазылар естеліктер мен  туралы» атты әдеби музыкалық кеш өткізу(5-10 –сынып оқушыларымен).


суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТІЖО, «Руханият» ӘБ, кітапханашы С.Жоламанова


ақпан

9

28 ақпан жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты жыр кешін өткізу. 


суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТІЖО, «Руханият» ӘБ кітапханашы

ақпан

10

 Абай - Шәкәрім оқулары

анықтама, түптеме, сайт

«Руханият» ӘБ

наурыз

11

«Ұлттық тәрбие: адамгершілік және рухани болмыс!» сынып сағаттары

Анықтама, түптеме. 

ДТЖО, 10-11 сынып жетекшілері


Жыл ішінде

12

«Армысың, Әз Наурыз!» 

Мерекелік іс- шаралар.

анықтама, түптеме, сайт

ДТЖО, 

педагог-ұйымдастырушы


Наурыз

13

Ілияс оқуларын ұйымдастыру.

анықтама, түптеме, сайт

ДТІЖО, «Руханият» ӘБ

сәуір

14

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Шебердің қолы ортақ» көрме ұйымдастыру.

суретті

ДТЖО, «Өркен» ӘБ,сынып жетекшілер

сәуір






ІV БАҒЫТ:


Отбасылық тәрбие

             Мақсаты:

  • отбасы құндылықтарын насихаттау, ата ана мен бала арасындағы байланысты нығайту;
  • отбасы өмірін эмоциялық  әсермен, бала мен ата-ананың өзара қарым-қатынас мәдениеті тәжірибесімен байыту.

                  Отбасы тәрбиесінің міндеттері:

  • баланың үйлесімді дамуына жағдай туғызу;
  • ата-аналар қауымын мектептің тәрбие үдерісіне қатыстыру;
  • ата-аналарды балаларда болып жатқан өзгерістерді көруге, түсінуге үйрету;
  • халық педагогикасы негіздеріне сүйене отырып бала тәрбиесіне ықпал ету;
  • баланы отбасылық құндылықтарды өмір сүру негізі етіп таңдауға үйрету.


Шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты

Мерзімі

1

Қашықтық онлайн оқытуды ұйымдастыру. «Жаңа оқу жылындағы оқу форматтарын  1-11 сынып жетекшілері ата-аналарға таныстыру» (№1 жиналыс)

Суретті анықтама, хаттама

сынып жетекшілері 

20 тамыз

2

«Отбасындағы демалыс», «Менің тамаша отбасым», «Ананың күлкісі», «Менің үйім» суреттер және фото  конкурстар, сынып сағаттары.

Суретті анықтама,  

ДТЖО, мектеп психологы,«Өркен» ӘБ, сынып жетекшілер

жыл ішінде

3

21-ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» атты республикалық ата-аналар конференция ұйымдастыру. 

ата-аналар  жиналысы.

анықтама, түптеме, сайт.

ДТЖО, мектеп психологтары сынып жетекшілер,


қыркүйек

4

«Отбасы – бақыт мекені» 

Қайырымдылық акциясын ұйымдастыру.

Хаттама, суретті

ДТЖО мектеп психологы.

әлеуметтік педагог

қыркүйек

5

«Отбасы – тәрбие діңгегі»

 мектепішілік ата-аналар жиыны (№2 жиналыс)


суретті

ДТЖО

сынып жетекшілер

қазан

6

«Әке жолы – ізгіліктің іздері» әкелер конференциясы 

анықтама, түптеме, сайт

ДТЖО

сынып жетекшілер 

қараша

7

Отбасында баламен қарым-қатынас жасаудың психологиялық мәселелері сауалнама алу

Хаттама, суретті

ДТЖО, ұйымдастырушы, психолог

желтоқсан

8

«Ата ана мен мектеп ынтымақтастығы»

ата-аналар  жиналысы (№3 жиналыс)

Хаттама, суретті

ДТЖО, сынып жетекшілер,

қаңтар

9

«Ана - алақанының аясы, ақ шаңырақтың саясы»  аналар мерекесіне орай шаралар

Хаттама, суретті

ДТЖО, педагог-ұйымдастырушы.

наурыз

10

«Бала болашағы -   қоғам болашағы»

ата-аналар  жиналысы(№5 жиналыс)

анықтама,сайт

ДТЖО, Сынып жетекшілер.

наурыз 

11

«Мерейлі отбасы» отбасылар

сайысы

суретті

ДТЖО, Сынып жетекшілер.

сәуір

12

Халықаралық отбасы күні.

анықтама, түптеме, сайт

ДТЖО, педагог-ұйымдастырушы,

15 мамыр

13

«Ұрпақ тәрбиесі отбасынан басталады»

ата-аналар  жиналысы (№5 жиналыс)

суретті

ДТЖО, ұйымдастырушы,

мамыр



V БАҒЫТ:

Еңбек,  экономикалық  және экологиялық тәрбие

             Мақсаты:

  • Экономикалық ой-өрісі, эколгиялық мәдениеті қалыптасқан, еңбек дағдысы дамыған, бәсекеге қабілетті  тұлғаны тәрбиелеу.

              Отбасы тәрбиесінің міндеттері:

  • «Жалпыға бірдей Еңбек қоғамы» бағдарламасын іске асыра отырып, еңбек дағдысын дамытуға жағдай туғызу;
  • Экономикалық ой-өрісті дамыту, бәсекеге қабілеттілікті ұштау;
  • Табиғатты қорғауға, экологиялық   мәдениеттілікті ұстануға талпындыру;
  • Күнделікті өмірде ғылымның жаңа жетістіктерін қабылдай біліп, қолдана білуге үйрету;
  • Балаға кәсіптік бағдар беріп, болашақ мамандығын дұрыс таңдай білуге жол ашу.


Шаралар

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Мерзімі

1

Қоқыс – біздің заманымыздың экологиялық мәселесі

Суретті анықтама. Сайт. 

ДТЖО, «Шапағат»  ӘБ, 5-7 сынып жетекшілер

Жыл ішіне

2

Жол қозғалысы ережелерін білу-жолдардағы қауіпсіздік негізі.

Суретті анықтама

ДТЖО, 1-11 сынып жетекшілер

қыркүйек

3

Табиғат – күш пен шабыт көзі

анықтама, түптеме, сайт

ДТЖО, 1-4 сынып жетекшілері

қазан

4

«Жеке гигиена – денсаулық тазалығы» сынып сағаты

анықтама, түптеме, сайт

ДТЖО, 1-4 сынып жетекшілері

қараша

5

«Ұлттық валюта-теңге күні» ашық тәр. сағ.  1-11 сыныптар

анықтама, түптеме, сайт

ДТЖО, 1-11 сынып жетекшілері


қараша

6

Мамандық таңдау – басты бағыт, білім – болашақтың бастауы

анықтама, түптеме, сайт

ДТЖО, 5-11 сынып жетекшілері


желтоқсан

7

Экология және адам денсаулығы. Экологиялық жағдайдың денсаулыққа әсері. «ЭКО ЧЕЛЕНДЖ» көрме насихат жұмыстары. 

анықтама, түптеме, сайт

ДТЖО, медбике,                        5-8 сынып жетекшілер, Биология пәні мұғалімдері

ақпан - наурыз 

8

«Жасыл ел» бағд.аясында көшеттер отырғызу. Табиғат аясын қоқыстан тазарту

анықтама, түптеме, сайт

ДТЖО, 5-8 сынып жетекшілер,

наурыз

9

«Ең жасыл кабинет» көгалдандыру байқауы

Суретті анықтама

ДТЖО, 

1-11 сынып жетекшілері

сәуір

10

Дүниежүзілік жер күні. Экологиялық сана мен оқушылардың әлемге деген қызығушылығын қалыптастыру

анықтама, түптеме, сайт

ДТЖО, 5-10 Сынып жетекшілер


сәуір

11

«Туған жеріміздің экологиясы» сынып сағаттары

анықтама, түптеме, сайт

ДТЖО, 


жыл ішінде

12

«Қалдықсыз өндіріс – экологияны күту» , «Жас эколог», «Адам және табиғат», «табиғат қорғаушысы» 

Суретті анықтама. Сынып сабақ

ДТЖО, 8-10 Сынып жетекшілер


мамыр

13

Табиғат аясына саяхат ұйымдастыру. 

анықтама, түптеме, сайт

ДТЖО,5-10 сынып жетекшілер. 


жыл ішінде







VІ  БАҒЫТ:

Көпмәдениетті  және көркем-эстетикалық тәрбие

           Мақсаты:

  • Ел тұрақтылығы мен қоғамдық келісімнің маңыздылығы, халықтар достығының мен ынтымақтастығын құрметтеуге тәрбиелеу.
  • Жастардың Ел тарихын білуіне және қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталған тарих тұрғысынан білімін жетілдіру.
  • Аға ұрпақтың қоғамдық келісімді сақтау бағытындағы тәжірибесі мен біліктілігін жас ұрпаққа аманат етіп тапсыру жолында бала санасында адамгершілік нормасын қалыптастыру.

             Міндеттері:

  • ҚР Ата заңына мойынұсынатын, ел тұрақтылығы мен қоғамдағы келісімді сақтауға ниетті азамат қалыптасады;
  • ҚР мекендейтін халықтар мен этностар достығын сақтап нығайтуға ат салыса алатын қазақстандық патриот тәрбиеленеді;
  • Ел тарихын құрметтейтін, қазақ халқының дәстүрі мен мемлекеттік тілді дәріптейтін, өзге ұлт өкілдерін сыйлайтын және өзін сыйлата білетін тұлға қалыптасады;
  • Санасында адамзатқа деген адамгершілік нормасы саналы дамыған, көпмәдениетті, толерантты, демократиялық идеяларды ұстанатын, саяси көзі ашық азамат қалыптасады.

р/с

Шаралар


Аяқтау нысаны

Жауапты

Мерзімі

1

«Менің ауылым-менің мақтанышым» 

Сурет, анықтама, түптеме, сайт

«Арна», «Өркен» ӘБ

қыркүйек

2

Ұстаздар күні. «Ұстаз – ұлы тұлға.» құттықтау челлендж мерекелік шара ұйымдастыру.

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТІЖО, педагог-ұйымдастырушы сынып жетекшілер

қазан

3

«Домбыра –қазақ халқының жаны». «Қазақтың музыкалық аспаптары» насихаттау жұмыстарын жандандыру

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТІЖО, педагог-ұйымдастырушы «Өркен» ӘБ.

қазан

4

«Менің болашақ мамандығым» кәсіби бағдар беру. 11- сыныптар арсында дөңгелек үстел.

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТІЖО, 11-сынып жетекшілер

қараша

5

«Қош келдің, Жаңа жыл!»   1-8 сынып                                              Жасыл шырша мерекесі.   9-11 сын. Балмаскарад               

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

    ДТІЖО,                                              педагог-ұйымдас.

желтоқсан

6

«Әдемілік әлемі» пікір алмасу 8-11 сынып қыздары

«Қызғалдақ» қыздар ұйымы 

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТІЖДО, Педагог-ұйымдас. Сынып жетекшілер.

қаңтар

7

«Жақсы кітап – ақылды адамның әңгімесімен бірдей», «Кітап-менің досым»

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТІЖДО, Сынып жетекшілер.

ақпан

8

«Балалар мен театр» мәдени орындарға саяхат ұйымдастыру.

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТІЖО, 5-8 сынып жетекшілер

Наурыз 

9

«Ұлы даланың мұрагерлері.» TEDХ жобасы.

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

кітапханашылар

Сәуір 

10

1-мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігімен ынтымақтар күні» салтанатты саптық жиын. «Халықтар бірлігі» түрлі ұлт өкілдерінің фестивалі. «Ынтымағы жарасқан,туған өлкем- Қазақстан» сынып сағаты.  1-11 сыныптар 

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТЖО,Сынып жетекшілер

Мамыр

11

Соңғы қоңырау 

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТЖО,Сынып жетекшілер

Мамыр





VІІ  БАҒЫТ:

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу

Мақсаты:

  • Тұлғаның интеллектуалдық мүмкіндіктерін, дарындылығын, көшбасшылық қасиеттерін  дамытуға, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға мотивациялық кеңістікпен қамтамасыз ету.

Міндеттері:

  • Оқушының  заман талабына сай келетін деңгейдегі білім алуына жағдай туғызу;
  • Бала бойындағы дарындылықты ашу, қабілеттерін дамыту;
  • Ақпараттық кеңістікте еркін қозғала алатын, сын тұрғысынан ойлай білуге үйрету;
  • Интеллектуалдық мүмкіндіктерін жетілдіру, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру.

Іс -шара

Аяқтау нысаны

Жауапты 

Мерзімі 

1

«Көшбасшы оқушы» Болашақ ұйымы

Суретті анықтама, сайт.

Педагог- ұйымдастырушы 

қыркүйек-қазан

2

БжС технологиясы бойынша сынып көшбасшыларын сайлау.

анықтама, түптеме, сайт

Педагог- ұйымдастырушы

қазан

3

Білім жанып тұрған шырақ...

анықтама, түптеме, сайт

ДТЖО, 5-8 Сынып жетекшілер

қараша

4

Конференция, сынып сабақтар  «Компьютер дос  немесе жау?»

анықтама, түптеме, сайт

ДТЖО, Сынып жетекшілер

желтоқсан

5

«Discover Kasakstan» эссе байқауы

анықтама, түптеме, сайт

ДТІЖО

«Руханият» -қазақ тілі ӘБ

«Эрудит» - орыс тілі ӘБ

«Полиглот» - шет тілі ӘБ

қаңтар

6

«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»

Суретті анықтама. Сайт.

ДТІЖО.


ақпан

7

«Wiki Bilim» бес кітап жобасы

мектепішілік дебат турнирі. мектеп әлеум.парақш.

ДТІЖО.

 «Руханият» -қазақ тілі ӘБ

«Эрудит» - орыс тілі ӘБ

«Полиглот» - шет тілі ӘБ

ақпан

8

«TED х» клубы жобасы

Үздік эссе жинақ қоры.

ДТІЖО. Пед.ұйымд.

Өзін өзі басқару ұйымы

наурыз

9

10 сәуір -21 сәуір аралығында «Қауіпсіз Интернет» атты Республикалық ақпараттық науқан

анықтама, түптеме, сайт

ДТІЖО, «Спектр»-МиФ ӘБ.

1-11 сынып жетекшілері

сәуір

10

«Үздік сынып жетекші – 2021» мектепшілік,аудандық байқау

суретті анықтама, түптеме, сайтқа салу

ДТЖО, педагог-ұйымдас. Сынып жетекшілер

Сәуір



VІІІ  БАҒЫТ:

Дене  тәрбиесі ,салауатты өмір салты

                     Мақсаты: 

  • адам денсаулығын сақтау және нығайтудың нақты мүмкіндіктері туралы кешенді ғылым ретіндесалауатты өмір салты туралы түсінікті жинақтау;
  • дене тәрбиесі мен спортпен шұғылданудың адам ағзасына пайдасын біліп, жасөспірімнің дұрыс тамақтану мәдениеті сақтап, зиянды заттар мен әдеттерден бойын алшақ ұстауға тәрбиелеу.  

               Міндеттері:

  • бала денсаулығын сақтау және нығайту; 
  • бала денсаулығына қатысты  қамқорлық жасау;
  • оқушының оқу процесіндегі жұмыс қабілетін жақсартып, арттыру;
  • оқушылардың өз денсаулығын сақтауға және зиянды заттарды пайдаланудан қашық болу жауапкершілігін арттыру;
  • қоршаған орта факторлары негізінде оқушылардың өз денсаулығын және ахуалды сыни бағалауын қалыптастыру.


Шаралар

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Мерзімі

1

«Денсаулық күні» апталығы.

анықтама, түптеме, сайт

ДТІЖО, «Салауат» ӘБ,  Пед. ұйымд.

қыркүйек 

2

«Отбасылық» жанұялық спорттық жаттығу. Челлендж

Отбасы күні мерекесіне орай.

Суретті анықтама, түптеме,

«Салауат» ӘБ,  

қыркүйек

3

«Мен өмірге ғашықпын», «Мен өмірді сүйемін» Эссе. (whatsapp, telegram, instagram т.б.)

Суретті анықтама, түптеме,

ДТІЖО, психолог,

1-4 сынып жетекшілері

қыркүйек

4

«Күзгі марафон» спорттық жүгіру сайысы.

анықтама, түптеме, сайт

«Салауат»  ӘБ

қыркүйек

5

«Ішімдік – қоғам қасіреті» Дүниежүзілік алкогольмен күрес күніне шара ұйымдастыру.

анықтама, түптеме, сайт

ДТІЖО, Медбике

СӨС орталығы

 қазан

6

«Сұлудың сыр сандығы».  Жеке бас гигиенасы. 

анықтама, түптеме, сайт

ДТІЖО, Медбике


қараша

7

 «Тұмаудың алдын алу»  дәрігер мамандармен кездесу ұйымдастыру /дәрістер, кеңестер/ 

анықтама, түптеме, сайт

ДТІЖО, Медбике

СӨС орталығы

қараша

8

«21 қараша – Дүниежүзілік туберкулез ауруымен күрес күні» үгіттік бағдарлама.

суретті

Медбике

СӨС орталығы

21-қараша

9


«Жұқпалы аурулардың алдын алу: гепатит» 

лекция, дәрігер кеңесі. 

анықтама, түптеме, сайт

Медбике

СӨС орталығы

қараша

10

 «Шылым шегудің шырғалаңы» Халықаралық темекіден бас тарту күніне арналған арнайы мамандармен кездесу

суретті

Медбике

СӨС орталығы

қараша

11

«ЖҚБТ - ХХІ ғасыр індеті» 

1 желтоқсан Халықаралық ЖҚБТ-ға қарсы күрес күніне     арналған шаралар

анықтама, түптеме, сайт

Медбике,

СПИД орталығы мамандары

қараша

12

«Жұқпалы аурулардың алдын алу: тұмау» 

лекция, диктант, дәрігер кеңесі

анықтама, түптеме, сайт

Медбике

СӨС орталығы

желтоқсан

13

«Нашақорлық –ғасыр дерті»!

аясында акция

суретті

ДТІЖО, Медбике, 5-11 сынып жетекшілері 

қаңтар

14

«Біз спортты таңдаймыз!»

көңілді эстафета

анықтама, түптеме, сайт

«Салауат»  ӘБ

ақпан

15

«Денсаулығым – баға жетпес байлығым!» көңілді эстафета

суретті

«Салауат»  ӘБ

ақпан

16

«Біз өмірді таңдаймыз!»көңілді эстафета

анықтама, түптеме, сайт

«Салауат»  ӘБ

наурыз

17

«7  сәуір - Дүниежүзі денсаулық күніне» 

 арналған «Денсаулықты баптаймыз, өмірімізді сақтаймыз» атты апталығы 

суретті

ДТІЖО, Медбике, 5-11 сынып жетекшілері, «Салауат»ӘБ,

сәуір

18

«Батыр» президенттік спорттық нормативтерді тапсыру.

анықтама, түптеме, сайт

«Салауат» ӘБ

мамыр



                                                                                                                                                 ДТІЖО                 Ғ.Әбшеқызы

 М.Мерекеев