«Таза мектеп – жарқын болашақ» акциясы
«Таза мектеп – жарқын болашақ» акциясы
Мақсаты:
- Оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру.
- Экологиялық тәрбие мен тазалық мәдениетін қалыптастыру.
- Мектеп ауласы мен сынып ішін таза ұстауға баулу.
- Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Мәлімет:
Аталған акция мектеп ауласы мен сыныптарда өткізілді. Акцияға 9 "Е" және 7 "Ә" сынып оқушылары өз топтарымен қатысып, нақты аймақтарға бөлінді:
- Мектеп ауласында: оқушылар қоқыс жинап, жапырақтарды тазалап, жол жиегін ретке келтіріп, гүлзарларды тазартты.
- Сынып ішінде: парталар мен терезелер сүртіліп, тақта тазаланып, қабырға ілмелері мен бұрыштар реттелді. Артық қағаз, қоқыс жиналды.
Іс-шара барысында оқушылар ұйымшылдық пен ұқыптылық танытты. Әр сыныптың тазалық деңгейі бағаланып, белсенді қатысқан оқушылар мен сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Ұйымдастырушылар: "Қамқор" жобасының жетекшілері
#қарасайауданыбілімбөлімі
#қамқоржобасы
https://www.instagram.com/p/DPWguNXCO9I/?igsh=cTc5bmt3b293c2Yz