ЖАРЫҚ ШАҒЫЛЫСТЫРҒЫШ – БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ
ЖАРЫҚ ШАҒЫЛЫСТЫРҒЫШ – БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ
“Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі “ коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қараңғы түсіп, түнгі уақыт басталғанда жаяу жүргіншінің жол үстінде көрінуі қиындай түседі. Осындай жағдайда жүргізушілер балалар мен ересектерді кеш байқап, өкінішті жағдайға душар болуы мүмкін.
Сол себепті, ең тиімді әрі қарапайым әдіс – жарық шағылыстырғыш элементтерді тағу. Бұл тек сәндік бұйым емес, өмірді сақтайтын ең маңызды қауіпсіздік белгісі!
☀Жарық шағылыстырғыштың арқасында жүргізуші жаяу жүргіншіні 3–4 есе ертерек байқап, тежегішті уақытында баса алады.
Жарық шағылыстырғыштың түрлері:
- Білезік – қолға тағуға ыңғайлы;
- Жолақша (повязка) – қол мен аяққа тағуға арналған;
- Салпыншақ (брелок) – сөмке немесе киімге ілуге болады;
- Жапсырма, белгі – киімге жабыстырып немесе қадап қоюға өте қолайлы.
Бұл қарапайым заттар баланың киімін, сөмкесін, арбасын немесе велосипедін алыстан айқын көрсетіп, жүргізушілердің назарын аударады.
Сондықтан әр ата-ана баласының қауіпсіздігін ойлап, оған міндетті түрде жарық шағылыстырғыш тағуды ұмытпаныз!
Кішкентай ғана бұл зат – үлкен өмір кепілі!
https://www.instagram.com/p/DPowTrED-2R/?img_index=1&igsh=OG0xbzdyNGh5MzJl
https://www.instagram.com/reel/DPvJn_ciP01/?igsh=MTgwdGo4NXFvNWtmZw==
https://www.instagram.com/p/DP4H2heCI3K/?igsh=OWxjdTB4c252ZzZ2