«Қауіпсіз мектеп», «Кәмелетке толмаған білім алушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу»
«Қауіпсіз мектеп», «Кәмелетке толмаған білім алушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу»
2025 жылдың 15 қазан күні мектепте оқушылар арасында құқықбұзушылықтың, кибербулингтің алдын алу мақсатында Қарасай ауданының ЖПҚ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты М.Камзина кездесу ұйымдастырылды. «Қауіпсіз мектеп», «Кәмелетке толмаған білім алушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыптарында оқушылар арасындағы тәртіп, құқықбұзушылық, буллинг (қыздар, ұлдар төбелесі) бала қауіпсіздігі, ЖЖЕ, нашақорлық, сыбайластық, мектеп формасы,сабаққа қатысуы (сабақтан қалмау, кешікпеуі) тақырыбында 8-10 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Мектеп инспекторы кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтар мен қылмыстық әрекеттердің алдын алу, бала құқықтары мен әкімшілік құқықбұзушылық кодексіндегі өзгерістермен таныстырып, оқушылардың сауалдарына жауап берді.
Құқықбұзушылық профилактикасы бойынша атқарылған іс-шаралар мектептің ресми парақшаларында жарияланды.
https://www.instagram.com/p/DP0nTdaCNTU/?igsh=MWtnbzhmMHFoMXFobA==