ДосболLIKE жобасы » «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемес
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жібек жолы ауылындағы жаңа қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27) 715 8141
Есепші бөлімі:
+7(27) 715 8141
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
ноябрь
2025

ДосболLIKE жобасы

ДосболLIKE жобасы

”Жібек жолы ауылындағы жаңа қазақ орта мектебі" КММ 2025-2026 оқу жылының мектепішілік тәрбие жоспарына сәйкес,5 сыныптар арасында 17.11.2025 ж."Буллингке жол жоқ" ақциясы өткізілді.Мақсаты:

Мектеп оқушылары арасында өзара құрмет, қауіпсіз орта қалыптастыру;

Буллингтің түрлері, оның салдары туралы оқушылардың саналы түсінігін арттыру;

Қиындыққа тап болған балаларға көмек сұраудың жолдарын үйрету, қолдау көрсету тетіктерін таныстыру;

Оқушылардың эмпатия, мейірімділік, жауапкершілік сияқты тұлғалық қасиеттерін дамыту; Мектепте кез келген жасырын немесе ашық буллинг әрекеттерін болдырмау, алдын алу; Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасында бірлескен ынтымақтастықты нығайту.

Іс шара 5 д ,5 е ,5 ж,5 з,5 и сынып оқушыларының арасында жүргізілді.

Ең біріншіден оқушыларға видео көру ұсынылды,лэд  экраннан слайдтар шолуы жүргізіліп отырды. Буллинг туралы жалпы түсінік айтылды.Оқушылар көрген видеодан,слайдтардың түйген ойларын сыныптар болып бөлініп,плакатқа сурет салды.Әр сынып өз суретін қорғап, топтық жұмыс нәтижесін шығарды.

Келесі кезекте,әр сыныпқа    тапсырма берілді.Стикерлермен өз сыныптарына деген жылы лебізін білдіріп,жақсы сөздер жазды,"Достық зонасына" жапсырды.

Ең соңында оқушылар салған плакаттары алып барлығы бірге тұрып "Буллингке жол жоқ, барлығымыз дос болайық!" деген сөздерді хормен айтып,акция өз мәресіне жетті.

Ұйымдастырған:Б.Бекетаева , Сагындыкова Г.,Сарсенбаева Л., Ертуғанова Г.,Пауеш А.

https://www.instagram.com/p/DRKoAqpiKEO/?igsh=Y3B2ZGZueWhnMzJy