24
ноябрь
2025
Вандализм - бұзақылық іс. Қылмыс. "Мектеп мүлкі - ортақ жауапкершілік"
Вандализм - бұзақылық іс. Қылмыс.
"Мектеп мүлкі - ортақ жауапкершілік"
Вандализм – бұл тек материалдық шығын ғана емес, сонымен қатар адамгершілік құндылықтарға нұқсан келтіру. Мұндай әрекеттерге мектеп аумағында қатаң түрде тыйым салынады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.
"Мектеп мүлкі - ортақ жауапкершілік" тақырыбында мектептің 6-7 сынып білім алушыларына профилактикалық әңгімелер мен ақпараттық-түсіндірме жиналысы өткізілді.
Біздің мақсатымыз – тәрбиелі, ұқыпты, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу. Осыған орай, мектеп оқушылары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ортақ мүлікке ұқыппен қарау дағдысы қалыптастырылады.
https://www.instagram.com/p/DRVB6_0iKap/?igsh=MWk2emJmMmkyMW0xeQ==