01
сентябрь
2021
Мектебімізде "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өткізілуде.
Мектебімізде "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өткізілуде. Акцияның мақсаты - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы және әлеуметтік себептер бойынша оқушыларды мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету. Қазіргі таңда мектеп ұжымы, "Бірлік" мешітінің бас имамы Батырбек Қажы, Сарсенбаев Бекбол Чораевичтің демеушілігімен 80 оқушыға көмек көрсетілді. 32 оқушы мектеп формасымен, 48 оқушы кеңсе тауарларымен қамтылды. Атсалысқан кісілерге алғыс айта отырып, сізді де өз үлесіңізді қосуға шақырамыз.