16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні » «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемес
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жібек жолы ауылындағы жаңа қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27) 715 8141
Есепші бөлімі:
+7(27) 715 8141
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
декабрь
2020

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні



Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. 
Қазақстан халқы сан ғасырлар бойы бабалар армандаған азаттықты алып, аңсағанына қол жеткізген Тәуелсіздік күнін 29-ы рет қарсы алып отыр. Әрине, тарих үшін бұл тым қысқа, тіпті қас қағым сәт болып көрінуі де мүмкін. Әйтсе де, осы жылдар ішінде тәуелсіз мемлекет ретінде тындырған істер де аз емес. Өңірге ғана емес, әлемге танылдық. Дүниедегі күллі елдермен байланыс орнатып, тереземіз барша мемлекетпен теңесті. Бұл да сол Тәуелсіздіктің жемісі. Ендеше, егемен ел атанған Қазақстан үшін қандай да болмасын мерекенің, мейрам мен тойдың атасы - Тәуелсіздік күні екендігі даусыз әрі бұл солай болуы да тиіс.
Мемлекеттік мереке аясында іс-шаралар жоспары құрылып, жауапты мұғалімдер жұмыстарын бастап кетті