«Собачий кайф» туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. » «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемес
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жібек жолы ауылындағы жаңа қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27) 715 8141
Есепші бөлімі:
+7(27) 715 8141
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
ноябрь
2022

«Собачий кайф» туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Мектеп психологтары және мектеп әкімшілігі бірлесіп оқушылармен әлеуметтік желілерде тарап жатқан адам денсаулығына қауіпті ойын «Собачий кайф» туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл ойынның ережесінде (адамдар бір-бірін тұншықтырып соның әсерінен миға оттегі бармай адам қысқа мерзімде естен танады. Қайта есін жиған адамда эйфория күйі пайда болады, яғни көңіл-күйдің аурулы-көтеріңкілік формасы) адам денсаулығына және өміріне өте қауіпті екендігі ескертіліп, айтылды. Оқушыларға мектепте және үй жағдайында бұл ойынды қайталамау керектігі қатаң ескертілді. Сыныпта сабақ кезінде оқушыларды бақылап отыру пән мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне ескертіліп айтылды. Мектеп бойынша сынып жетекшілермен бірге ата-аналарға балалардың үйде бала мінез-құлығына әсер ететін сайттарға қосылмауын қадағалау керектігі ескертілді