«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға»
Қайырлы күн құрметті ҰСТАЗДАР! «Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз білім беріп келесіздер. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.Сіздерге қажымас қайрат,талмас қанат, зор денсаулық, салмақты сабыр,отбасыларыңызға береке бірлік берсін!