«Жақсы көңіл-күй –жан азығы» » «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемес
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жібек жолы ауылындағы жаңа қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27) 715 8141
Есепші бөлімі:
+7(27) 715 8141
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2022

«Жақсы көңіл-күй –жан азығы»

Оқушылардың жобасы соңында мектеп психологтары А.Сдыкова мен Л.Рахимова « «Жақсы көңіл-күй –жан азығы» психологиялық тренинг жаттығу жүргізді.
Семинардың екінші бөлімінде, мектептің 7 педагогы мен эксперименттегі серіктес мектептердің педагогтары педагогикалық зерттеу жұмысын ұсынды. Педагогтердің мақсатқа бағытталған зерттеушілік қызметін жасау қажеттігі соңғы он жылда, яғни зерттеу міндеттері тек қана педагогтің құқығы ғана емес, сонымен қатар оның кәсіби міндеті екендігін сезінген мектебіміздің шығармашыл ұстаздардың ғылыми жобаларының тыңдалымы қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі пәндері негізінде жүргізілді.
Өткізілген аудандық әдістемелік семинар барысындағы жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарына «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы акционерлік қоғамы филиалы, Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі мен инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы – Орманбекова Ләззат Жекенқызы,Қарасай ауданының білім бөлімінің әдіскері Маржан Маулитаевна және семинарға қатысушы директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары өз бағаларын беріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Бүгінгі семинар барысында дарынды оқушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғай отырып, қосымша ақпараттармен толығып, шығармашылық құлшыныс алды. Әдістемелік семинардың қорытынды бөлімінде тәжірибе таратқан педагогтар мен оқушылар облыстық «Дипломдармен» марапатталды.