06
ноябрь
2025
♻️ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒЫТ♻️ «Педагогикалық дебют – 2025»
♻️ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒЫТ♻️
Қарасай ауданы бойынша жас мамандарға арналған «Педагогикалық дебют – 2025» байқауының аймақтық кезеңі жоғары деңгейде өтті. Байқауда жас педагогтар өздерінің кәсіби шеберлігін, жаңашыл әдіс-тәсілдерін және пәнге деген құштарлығын көрсетіп бақ сынасты.
Осы сайыста ерекше білімділігімен, ұстаздық болмысы және шығармашылық ізденісімен көзге түскен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мырзамуратова Сандуғаш Жеңісқызы II орынға ие болды! 🎉. Тәлімгері Есенкулова Жазира Даукеновна👍🏻
Бұл – жас маманның еңбегі мен талпынысының, шәкіртке деген шынайы ықыласының нәтижесі. Алдағы уақытта да білім мен біліктілігі арта түсіп, толағай табыстарға жете берсін деп тілейміз!
Жас маманға шабыт, мол энергия және жаңа жетістіктер тілейміз! 🌟📚
Шәкірттерінің қолдауы мен әріптестерінің құрметі әрдайым серік болсын! 👏
https://www.instagram.com/p/DQuW74wiBr3/?img_index=5