10
июль
2025
Бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау

Құрметті ата-аналар!
2025-2026 оқу жылына бірінші сыныпқа 2025 жылдың 1 сәуірі мен 10 шілде аралығында 147 оқушы тіркелді. Өтініш қабылдау 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.
ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір - 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.
✅Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
1) ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
2) Баланың туу туралы куәлігі;
3) өлшемі 3x4 см сурет (2 дана).
4) №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
5) ЭЦҚ кілті
✅Шетел азаматтары үшін:
Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.
Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:00-17:30 аралығында құжаттар қабылданады. Түскі үзіліс: 12:30-14:00
Біздің мектепке келіп, балалардың білім алуына жаңа мүмкіндіктер ашыңыз. Білікті мұғалімдер мен жайлы оқыту ортасы сіздің балаңыздың дамуына оң әсер етеді.
Барлық сұрақтарыңызды біздің қабылдау бөлімінен біле аласыздар.
Мекенжай: Қарасай ауданы,Жібек жолы ауылы, Қарасу көшесі 110 А
Баланың болашағын бірге құрайық!