1 «И» және 4 "Ә" сынып оқушылары «Біз бақытты баламыз!» атты тәрбие сағатын өткізді. » «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемес
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27) 715 8141
Есепші бөлімі:
+7(27) 715 8141
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
ноябрь
2023

1 «И» және 4 "Ә" сынып оқушылары «Біз бақытты баламыз!» атты тәрбие сағатын өткізді.

20.11.2023 жылы
Бүгінде мемлекеттік рәміздері оның ішінде көк байрағымыз ұлттық рух пен қоғамдық келісімді нығайту құралдарының бірі болып табылады.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «көк паспортымыз бен көк байрағымыз
тарихымызбен астасқан және миллиондаған адамның жүрегінен орын алған
бірегейлігіміздің нағыз символы» деп атап көрсеткендей. Олар мемлекет
имиджінің ажырамас бөлігін құрайды, азаматтардың патриотизмін білдіреді
және бүкіл қоғамды шоғырландыру факторы болып табылады.
Осы ретте 2023 жылғы 12 қазан күні Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы, Парасат
орденінің иегері, суретші Шәкен Оңласынұлы Ниязбековтың (12.10.1938 жылы дүниеге келген) 85 жылдық мерейтойына орай «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1 «И» және 4 "Ә" сынып оқушылары «Біз бақытты баламыз!» атты тәрбие сағатын өткізді.
Сынып жетекшісі М.Кыдыралиева мемлекеттік туы туралы мәліметтер беріп, ол жердегі суреттердің мән мағынасын түсіндірді. Оқушылармен бірге мемлекеттік гимн орындалып
суретші Шәкен Оңласынұлы Ниязбековтың өмірбаянына тоқталып, тудың суреттерін салып бояп мемлекеттік рәміздерімізді қадірлеп қастерлеу туралы өз ойларын еркін жеткізді.