31
март
2023
«Темір жол тәртіп»
2023 жылдың 31 наурызда Қарасай ауданының Шамалған станциясындағы ЖПБ бастығы полция майоры Ж.Б.Чукеев «Темір жол тәртіп» жедел профилактикалық іс-шаралар барысынды, 6,7,8 сынып оқушыларымен мектепте оқушылардың темір жолдан өту кезіндегі желі бойынша және темір жол бойындағы қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Полиция қызметкері оқу кабинеттерін аралап, оқушыларға «Темір жол – аса қауіпті аймақ» тақырыбында сұхбат өткізді. Түсіндірме жұмыстарына 85 оқушы қатысып, темір жолды кесіп өтпеу, темір жол айналасында себепсіз жүрмеу және вагондарға мүлдем мінуге болмайтыны айтылды. Темір жолды кесіп өткен оқушыларға ҚР ӘҚБтК 559 бабының 5 тармағына сәйкес оқушының ата-аналарына айыппұл салынып, жауапқа тартылатыны ескертілді.