«Таза мектеп – жарқын болашақ» акциясы » «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемес
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жібек жолы ауылындағы жаңа қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(27) 715 8141
Есепші бөлімі:
+7(27) 715 8141
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
октябрь
2025

«Таза мектеп – жарқын болашақ» акциясы

«Таза мектеп – жарқын болашақ» акциясы
Мақсаты:
- Оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру.
- Экологиялық тәрбие мен тазалық мәдениетін қалыптастыру.
- Мектеп ауласы мен сынып ішін таза ұстауға баулу.
- Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Мәлімет:
Аталған акция мектеп ауласы мен сыныптарда өткізілді. Акцияға 9 "Е" және 7 "Ә" сынып оқушылары өз топтарымен қатысып, нақты аймақтарға бөлінді:
- Мектеп ауласында: оқушылар қоқыс жинап, жапырақтарды тазалап, жол жиегін ретке келтіріп, гүлзарларды тазартты.
- Сынып ішінде: парталар мен терезелер сүртіліп, тақта тазаланып, қабырға ілмелері мен бұрыштар реттелді. Артық қағаз, қоқыс жиналды.
Іс-шара барысында оқушылар ұйымшылдық пен ұқыптылық танытты. Әр сыныптың тазалық деңгейі бағаланып, белсенді қатысқан оқушылар мен сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Ұйымдастырушылар: "Қамқор" жобасының жетекшілері

https://www.instagram.com/p/DPWguNXCO9I/?img_index=3