13
октябрь
2025
«Таза мектеп – жарқын болашақ»
«Таза мектеп – жарқын болашақ»
Мақсаты: Қайта өңдеу мәдениетін қалыптастыру, тұрмыстық қалдықтарды тиімді пайдалану, оқушылардың шығармашылық қабілетін және экологиялық жауапкершілігін дамыту.
Мәлімет: Аталған акция мектеп ауласында өткізілді. Акцияға 8 “В, “8 “Е” және 8 “З” сынып оқушылары өз топтарымен қатысып, берілген тапсырма бойынша жұмыс жасады.
Оқушыларға қалдықтарды қайта пайдалану және экологиялық тазалық туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді. Пластик бөтелке, картон, ескі шелектер мен қораптардан қоқыс салатын жәшіктер жасалды. Әр сынып өз қолымен дайындаған жәшіктерімен мектеп ауласынада қоқыстарды жинау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар «Ең әдемі қоқыс жәшігі» атты шағын байқау ұйымдастырылды.
Нәтижесі:
Мектеп аумағы мен сыныптарда тазалық сақтау деңгейі артты.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен экологиялық сана-сезімі күшейді.
Қайта өңдеу (рециклинг) туралы түсінік қалыптасты.
«Таза мектеп – жарқын болашақ» акциясы экологиялық тәрбиенің маңызды бөлігі болды. Оқушылар өз қолымен жасаған жәшіктер арқылы тазалыққа және қоршаған ортаны аялауға деген жауапкершілігін арттырды.
https://www.instagram.com/p/DPwULETCEvn/?img_index=3